Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Информатика кабинеті
Аймақтық білім беру саласымен байланыс жөніндегі басқарма
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Сіздерді аймақтық қашықтықтан өткізілетін «12 жылдық білім - үздіксіз білім беру жүйесінің негізі. Зерттеу және тәжірибе» тақырыбында 2009 жылдың 16 – 26 қараша аралығында, педагогикалық институттың ақпараттық – техникалық базасында өткізілетін ғылыми-практикалық Интернет – конференцияға қатысуға шақырады.
Қашықтықтан өткізілетін конференцияға қатысу үшін Интернетке шығып, баяндаманы мына электрондық адреске жіберу керек:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Конференцияға қатысуға мектептің, лицейдің, гимназияның басшылары мен мұғалімдері, әдіскерлер, мектепке дейінгі білім мекемелерінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары; басқарманың, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі білім бөлімдерінің өкілдері, біліктілікті арттыру институты, әдістемелік бірлестіктер, кеңестер, қорлар, бизнес өкілдері, азаматтық қоғамдар, ғылыми-білім беру қауымдастығы, ата-аналар, қауымдастар шақырылады.
Конференцияға қатысушылар конференцияға түскен материалдармен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының сайтынан:ppi.kz күнделікті 16 қарашадан 26 қарашаға дейін 2009жылдың сағат 12.00-де «12 жылдық білім - үздіксіз білім беру жүйесінің негізі. Зерттеу және тәжірибе» айдары бойынша танысуына болады.
Белгілі тіркеуден өткеннен соң оны талқылауға, толықтыруға, авторға сұрақ қоюға, осы мәселе бойынша өз ұсынысын айтуына болады.
Конференцияның қорытындысында ПМПИ-ның сайтында 12 жылдық мектепке ауысу мәселесі бойынша, «12 жылдық мектеп. Мәселелері және келешегі.» айдары бойынша электрондық жинақ шығарылады.
Жинақтың материалын СД-дискіде алуға болады.
Үздік баяндамаларды баспадан шығару жоспарлануда.
Е-mail конференциясына жекелей және ұжыммен қатысушыларды тіркеу тегін.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша.
Конференцияның жұмысының негізгі бағыттары
1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайындағы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру мәселелері.
2. Теория, технология және бейіналды, бейіндік оқыту моделі: тәжірибе, мәселелер және келешегі.
3. 12 жылдық мектептегі білім мазмұны - білім алушылардың құзырлық жүйесін қалыптастырудың негізі: оның ерекшелігі және мәселелері.
4. Аймақта ақпараттық технологияның негізінде бейіндік оқытудың тұтас білімдік ортасын құру мәселесі.
5. Оқушының оқу жетістігін бағалаудағы жаңа қатынас.
6. 12 жылдық мектеп Қазақстанда үздіксіз білім жүйесіндегі жеке тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің базалық негізі.
7. 12 жылдық мектеп жағдайында субъектілердің аймақтық білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік бірлестіктері.
8. 12 жылдық білім беруде педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың қазіргі тенденциясы (көздеген мақсаты). Баяндамалар мен мақалаларды төмендегі электрондық почтаға жіберу:
e-mail:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
; тел. 8(7182) 324824 (ішкі 274)
16-26 қараша 2009жыл аралығында 12.00-ге дейін.
Баяндамаға қойылатын талап:
(көлемі 5 беттен аспау, Times New Roman, 14 баспамен, солдан-3см., қалғандары 2см.,жоларалығы: 1 интервалдан; оңнан жоғары УДК, онан кейін
2 интервалдан кейін баяндаманың тақырыбы бас әріптермен, бояулы таңбамен жазылады; одан төмен 2 интервалдан соң автордың фамилия және аты-жөні және мекеменің аты, автордың қызметі жазылады; одан соң 3 интервалдан соң жаңа жолдан баяндаманың тексті, тіркелген формада беріледі. Хаттың тақырыбында «Конференция. 12 жылдық мектеп» деп көрсету.
Материалдар авторларға қайтарылмайды.
СҰРАНЫС
1. АТЫ-ЖӨНІ. (толық)_________________________________________
_____________________________________________________________
2. Мекеменің аты, бөлімі________________________________________
3. Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы_______________________________
4. Адресі, байланыс телефоны, Е-mail______________________________
5. Мақаланың аты_______________________________________________
6. Секция______________________________________________________
Өткізілу мерзімі : 26 қараша 2009 жыл
Өткізілетін жері:12@ ppi.kz
|