Шарбақты ауданы мектептері оқушыларымен кездесуі өтті. Печать E-mail
12.11.2009 05:23


       10 қараша күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында жаратылыстану факультеті ұжымы мен Шарбақты ауданы мектептері оқушыларының кездесуі өтті. Түлектер ПМПИ-дің жоо-ға дейінгі даярлық және кәсіби бағдар бөлімінің шақыруымен келді. Болашақ талапкерлер алдында жаратылыстану факультеті деканы Е.М.Исақаев сөз сөйледі. Ол мектеп оқушыларын факультет мамандықтары, төлемақы, жоғары оқу орнының студенттерге жасайтын жеңілдіктері туралы айтты. Аталмыш факультет студенттерінің оқу кезінде тек мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен бірге табиғи объектілерге шығып өтетін тәжірибелік жағын да ерекше атап өтті.

       Оқушылар алдында ПМПИ-дің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген студенттер де сөз алды. Келешек педагогтер оқушыларға студенттік өмірдің ұмытылмас кезеңдері саналатын конференциялар мен олимпиадаларға қатысу, ғылыми-зерттеу қызметі, «Студенттер қатарына қабылдау», КТК фестивальдары, спорт жарыстары сияқты көптеген қызықты іс-шаралар туралы әңгімеледі.

 

 

 
© 2009 ПМПИ. Барлық қүқықтар сақталды.
Joomla! — GNU/GPL лицензиясы бойынша еркін таратылатын бағдарламалық құрал.