Перейти к содержимому страницы.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы бинарлық сабақ

04.10.2017

Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 2017 жылдың 27 қыркүйегінде орталықтың Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумы шеңберінде «Педагогика» кафедрасының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Профилактика, девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс компоненті ретінде» атты бинарлық сабақ өткізілді.
Іс-шара ұйымдастырушысы - педагогика ғылымдарының кандидаты, институттың қауымдастырылған профессоры Байсейітова Ж.Б., орталық басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Букебаева М.Қ. 
Қонақтарға орталық бойынша кәмелетке толмағандардың тұру жағдайларын, ұсталу ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік беретін шолу экскурсиясы өткізілді. Сабақтың теоретикалық бөлімінен кейін орталық кинозалында студенттер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалар қараусыздығы мен панасыздығының алдын алу бойынша іс-әрекетімен, білім беру, ішкі істер органдарымен ортақ жүмыс ерекшеліктерімен таныстырылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алды.
Алдағы уақытта «Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында өткізу жоспарлануда.

">