Перейти к содержимому страницы.

«Орыс табиғатының әншісі»

05.02.2018

«ПМПИ студенттері балаларға кітап оқиды» қызметінің шеңбері аясында Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана «Балалар Үйі» ММ-де М.М.Пришвиннің 145 жылдығына арналған «Орыс табиғатының әншісі» тақырыбында әдеби сағат өткізді.

Кітапханашы мен еріктілер әркім көрмесе де көре алатын, естімесе де ести алатын таңғажайып адам туралы айтып берді. Оның есімімен мынадай тіркестер байланысты: «Кладовая солнца», «Золотой луг», «Лисичкин хлеб». Ол табиғат туралы повестер мен әңгімелердің авторы. Кітапхана еріктілері Михаил Пришвиннің туындыларымен өнер көрсетті. Балалар айтылған әңгімелерді әсерлі тыңдап, қаһарманның қылықтарын талқылады.

 

">