Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ қызметкерлері мен оқытушылары Павлодар әкімінің есеп беру кездесуіне қатысты

02.02.2018

ЖОО қызметкерлері мен оқытушылары Естай атындағы мәдениет сарайында өткен Павлодар әкімі Нұржан Әшімбетовтің есеп беру кездесуіне қатысты.

Кездесуде қала әкімі павлодарлықтарға бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар және болашаққа жопарланған міндеттер туралы айтты. Осыған орай, қала басшысы қала аудандарын көркейтуге 1 миллиард 700 мың теңге, ал қала жолдарын жөндеуге 600 миллион теңге бөлінгенін айтты.

-Көріктендіруден бұрын бұл мәселе – экологиялық сауал. Сондықтан да бұл көп күш қажет ететін үлкен міндет. Менің ойымша, тұрғындар мен ПИК осы мәселеге ат салысуға тиіс, - деді Нуржан Әшімбетов.

Сондай-ақ , қала әкімі тұрғындардың әлеуметтік, білім беру және мәдениет саласына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді. Қала әкімінің өткізген есеп беру кездесуі бойынша ПМПУ дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Татьяна Командик өз ойымен бөлісті.

-Қаланы, қараусыз қалған саябақтарды, балаларға арналған қалашықтарды көріктендіру жұмыстары көңілімнен шығуда. Себебі, бұл үлкен-кіші ат салысатын кілтті мәселелердің бірі. Балаларымыздың өз демалыс күндерін қайда өткізетіндігі бізге бәрібір емес, - деді ПМПУ дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Татьяна Командик.

">