Перейти к содержимому страницы.

Мерейтоймен!

20.12.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Жумашеваның 55 жылдық мерейтойы тойланды. Салтанатты шараға ЖОО басшылығы, деканат өкілдері және оқытушылар жиналды. Химия ғылымдарының докторы, профессор, ПМПИ ректоры атынан мерейтой иесіне құттықтау сөз жазылған хат тапсырылып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Оқу-әдістемелік және жаңа технологиялар жөніндегі проректор Қ.Текжановтың айтуы бойынша, Анар Жумашева – керемет лингвист, әдіскер. Ол үшін педагогикалық практикамен байланысты ғылыми мәселелерді белсенді шешу және оқытудың инновациялық түрін іздеу ол үшін тән қасиет. Сондай-ақ құттықтау сөзге профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қосылды.

Мерекелік шарада мерейтой иесінің 30 жылдан астам ғылыми-педагогикалық қызметі орын алған «55 жылдық мерейтой қарсаңында» бейнефильмі көрсетілді. Сондай-ақ «Қайнар» академиясынан, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дан, әлемдік тілдер Ташкент университетінен, Б.Ахметов атындағы педагогикалық коледжден бейнеқұттықтаулар жолданды.

Әр істе көрінетін кәсібилік пен шеберлік, өз ісіне деген адалдық, шығармашылық бағыт пен жауапкершілік ғалымның негізгі жеке қасиеттері екені атап кетілген еді. Осындай керемет қасиеттер ғылымның алдында болуға және жаңа ойларды іске асыруға мүмкіндік береді.

">