Перейти к содержимому страницы.

Оқытушылар мен студенттер кадрларды даярлау бойынша курс тәмамдады

31.10.2017

ҚР Білім және ғылым министрлігінін ұйымдастыруымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты «Nazarbayev University Graduate School Of Education» жеке мекемесі Назарбаев университеті жоғары білім мектебімен бірлесе отырып «Менеджмент және кадрларды даярлау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың оқытуын» ұйымдастыру аясында «Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың әдістемесі» және «Педагогтің ғылыми зерттеуі қызметін дамыту» бойынша 40 сағат көлемінде семинар жүргізілді.

Семинарға «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Кудушева Гульмира және 3-4 курс студенттері  Тастаналы Маржан, Қожамұратова Гүлжайнат, Туребай Балзура, Мұса Лаура, Оразәлі Мөлдір қатысты.

Бұл семинар арқылы қатысушылар дәстүрлі сынып-сабақ жүйесінен өзгеше оқытуға болатындай жаңа дидактикалық ұстанымдарымен таныстық. Бұл жүйенің көптеген  ерекшеліктері бар. Атап айтар болсақ, сын тұрғысынан ойлау әдістемесінің баланың дамуында өзіндік игі әсерін тигізетін стратегиялармен жұмыс жасауды тәжірибе жүзінде іске асырдық. Сонымен қатар, педагогтің зерттеу қызметін дамыту тақырыбы аясында мұғалімнің кәсіби өсу картасымен, педагогтың құзіреттілігі тақырыбының мәнін аша түсу үшін көптеген жұмыстар атқардық. Семинарда түрлі тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлініп және ұжымда жұмыс істедік. Семинар тренері Курманова Жұпар қатысушыларды әр күні бір-біріне ұқсамайтын әдістер арқылы топтарға бөліп «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұраны бойынша татулықта, достықта, ынтымақтастықта тиімді түрде жұмыс істеуге баулыды.
Аталмыш курстың қатысушылары алған білімдерін болашақта қолданатынына сенімді.

">