Перейти к содержимому страницы.

Ректордың түлектерге үндеуі

Құрметті түлек!

Сен басыңнан айтулы кезеңді өткерудесің. Ол сенің алдағы тағдырыңды да айқындайтын болады. Сен мектепті бітіріп отырсың, ал бұл анағұрлым ересек, анағұрлым дербес, шешім қабылдауда анағұрлым жауапты бола түсетін уақыттың жеткенін білдірсе керек. Енді бұдан арғы кезеңдегі өмірлік жолыңды таңдайтын кез келді.

Кәсіби салада табысқа жетуің, сұранысқа ие маман болуың, өз мақсат-мүдделеріңді ойдағыдай жүзеге асыра алуың – мұның барлығы басым бағытта  қазіргі қабылдайтын шешіміңе тәуелді болмақ. Мен, өмірлік тәжірибесі біршама мол адам ретінде, саған бұл қадамға барынша жауапкершілікпен қарауға кеңес берер едім. Бұл ретте кәсіптің беделін, түсу кезіндегі өту балының мөлшерін немесе оқу төлемін ең басты орынға қоюға болмас. Бірінші кезекте қаперде ұстайтын басқа да анағұрлым маңызды өлшемдер бар ғой. Бұл – еңбек нарығының жай-күйі мен ахуалдың алдағы жылдары өзгеруі туралы мамандардың болжамдары. Бұл – жұмыс берушілердің нақты талаптары және экономиканың  түрлі  салаларының болашақтағы дамуы. Бұл – сенің жеке қабілеттерің мен қажеттіліктерің, өйткені тек жаныңа нағыз жақын әрі қызықты салада ғана үлкен табысқа қол жеткізуге болады.

Жоғары оқу орнын таңдауда сенімді өлшемдерге нелерді жатқызуға болады? Бұлар: қалыптасқан дәстүрлер мен сапалы білім, білікті оқытушылар мен сұранысқа ие түлектер, мықты материалдық-техникалық база және заманауи технологиялар. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты бұл өлшемдердің барлығына жауап береді.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында сапалы білім алған адамдар жастарға білім беруде де, ғылымда да, мемлекеттік қызметте де, экономикада да, тіпті бизнесте де өз орындарын тауып жүр.

Жарты ғасырдан аса уақыт ішінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты аймақтық білім беру, ғылым және мәдениет және әлеуметтік салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлауда. Қазіргі кезде біздің жоғары оқу орнының түлектері республикамызда ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлерде де табысты еңбек етуде.

Жұмыс берушілердің көпшілігі үшін маманды жұмысқа қабылдауда  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дипломы салмақты уәж болуда және бұл көрсеткіш – жоо-дағы жоғары білім беру сапасының ең ұтымды дәлелі. Бұл, ең алдымен, институт оқытушыларының қажырлы еңбегі.  Олар білім ордасында кәсіби біліктілер ұжымын қалыптастырып, ұзақ жылдар бойы өз білімдерін студенттермен құлшына бөлісті. Бұл ұжым үнемі жаңарып отырды, институттағы педагогикалық жұмысқа уақыттың жаңа ағымын сезіне білетін және инновациялық ойлауға қабілетті жас та дарынды адамдар келуде.

Студенттік өмір – тек кәсіби білім алып, іскерлікке ие болатын кезең ғана емес. Бұл сонымен қатар көптеген шығармашылық ұжымдар мен студенттер бірлестіктерінің бірлестіктердің мүшелері болып табылатын қазіргі ПМПИ студенттері сияқты жарқын, қызықты және белсенді өмір сүру мүмкіндігі де.

Құрметті түлек! Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырып, бізбен бірге жаңа өмірге алғашқы қадамыңды нық әрі сенімді жасауыңа тілектеспін. Алдағы жаңа оқу жылында өзіңмен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында кездесерміз деп үміттенемін.

А.Нухулы доктор химических наук и.о ректора