Перейти к содержимому страницы.

Ольга Григорьева: ақын, журналист, зерттеуші

28.12.2017

Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада «Ольга Григорьева: ақын, журналист, зерттеуші» биобиблиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті. Аталған тұсаукесер Павлодарда ғана емес, бүкіл Қазақстанға танымал болған Ольга Григорьеваның шығармашылығына арналады. Көрсеткіш өмірбаяндық мағлұматтарға, автордың негізгі жарияланымдар тізіміне, мақала және ол туралы желілік ресурстарға толы. Оқу құралдың материалдары поэзияны оқитындарға, өлкетанушыларға, филологтарға және кітапханашыларға арналады және осы құрал «Әдебиеттік өлкетану» оқу курсында пайдалануға болады.

Тұсаукесер шеңберінде Павлодардан да тыс жерлерді танымал Ольга Григорьевамен кездесу өтті. Ол Қазақстан Республикасы Жазушылар және журналистер Одағының мүшесі, ресейлік жазушылар кеңесінің мүшесі, ақындық жинақтардың және әдебиет зерттеулердіің авторы, республикалық, ресейлік және халықаралық конкурстар мен жүлдедердің иегері.

О. Н. Григорьеваның қызметін ағартушылық іс десек артық кетпеспіз. Ол өз білім нұрын жастарға сіңіруге тырысады. Кітапхана қызметкерлерін, студенттерін және педагогикалық ұжымды көп жылдық ынтымақтастық байланыстырып тұр. Ынтымақтастықтың аралық қорытындысы осы биобиблиографиялық көрсеткіштің жарыққа шығуы болып табылады.

">