Перейти к содержимому страницы.

Павлодар қаласының белгілі тұрғындары сүйікті кітаптарын оқыды

27.10.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының «Мирас» қоғамдық Кеңесімен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Павлодар балаларға кітап оқиды» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Павлодар қаласының барлық мектептері мен кітапханаларында қаланың белгілі тұрғындары балаларға өздерінің сүйікті кітаптарын оқыды. Мысалы, №24 мектепте – «Нұр Отан» партиясының ПФ басшысының бірінші орынбасары И.С.Теренченко, №10 мектеп-лицейде «Сарыарқа самалы» газетінің редакторы Нұрбол Жайықбаев оқыды, №25 мектепте – қалалық мәслихаттың депутаты, №10 лицей директоры С. Айтқазина, №13 мектепте – «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Владимир Долгушев, №17 мектепте – С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушысы, профессор, филология ғылымдарының докторы А.Тұрышев, жастар саясаты басқармасынан Саят Жүсіпбаев және Павлодар қаласының белгілі адамдары оқыды.

Аталмыш акцияға қатысқан студенттер де маңызды кездесуден пайдалы ақпарат пен жақсы әсер алды.

">