Перейти к содержимому страницы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Алаш: мұра және қазіргі заман» республикалық конференция өтті

27.10.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған шараға жоғары және орта арнайы оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар, студенттер, магистранттар, аспиранттар, ізденішулер, орта және қосымша білім беру салаларының ұстаздары қатысты.

Конференцияның негізгі міндеті – Алаш тарихының революцияға дейінгі, революциялық және кеңес үкіметі кезеңдерінің теориялық-әдіснамалық, ғылыми-зерттеу мәселелерін оқытуда қазақстандық және шетелдік ғалымдарының күштерін біріктіру.

Конференция материалдары әлем және қазақ халқының тарихын түбегейлі өзгерткен ХХ ғасырдың саяси оқиғаларын қарастырды. Әлихан Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары баспа және сөз күшін пайдаланып патша үкіметіне қарсы күреске шықты. Жаңа заман тарихында ұлттық мүдде мен ойды қорғау мәселесі «Алаш» қозғалысының саяси құжатында көрініс тапты. Аталған бағдарлама қазақ қоғамының барлық дәстүр мен қалыпты сақтай отырып автономды қазақ мемлекетінің нақты шарттарына бейімделуін мақсат етіп алды. 100 жыл өтсе де, Алаш партиясының ойы әлі күнге дейін өзекті.

Диалог кезінде қатысушылар көптеген мәселелерді анықтады: рухани жаңғыру және «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы танымындағы Алаш ұлттық идеясының философиясы.

Конференция соңында аталған тақырып бойынша Павлодар облысы мен қаласы мектептерінің мұғалімдері мақтау қағаздармен марапатталды.

Конференция жұмысы әрі қарай секциондық отырыста қарастырылады.

">