Перейти к содержимому страницы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойланды

15.12.2017

Мерекеге студенттер және профессор-оқытушылар құрамынан 150 адам жиналды. Еліміз үшін мерекенің маңыздылығын атап, құттықтау сөзімен ЖОО әкімшілігінен проректорлар сөз сөйледі.

‒ Еліміз үшін бұл басты мереке. Тәуелсіздік алған күніміз. Мерекенің ұлылығы – біздің елімізді қарқынды дамыған мемлекет ретінде бүкіл әлемнің тануы, - деп атады оқу-әдістемелік және жаңа технологиялар жөніндегі проректор Қайрат Текжанов. ‒ Осы керемет күні барлығмызға да сәттілік тілеп, аспанымыз әрқашанда да ашық болсын дегім келеді.  

Мереке барысында облыс әкімінің және ЖОО ректорының мақтау қағаздарымен 35 қызметкер мен оқытушылар марапатталды. Концерт кезінде көрермендерге музыкалық бағдарлама мен лазерлік шоу көрсетілді.

">