Перейти к содержимому страницы.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Startap-centre» ашылды

26.01.2018

Университет басшылығының, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ және Павлодар облысы бойынша шағын және орта бизнес кәсіпкерлері бірлестігінің қолдауымен «Жастар алаңы» коворкинг-орталығының базасы негізінде жаңа бизнес алаңы және №2 Студенттер Үйінде В2В кабинеті ашылды.

-Біз стартап-қозғалыстарды дамытуды қолға алдық және де біздің студенттер өз жобаларын іске асырып, аймақтық алаңдарда жүлделі орындарды иеленіп жүр.  Ендігі кезекте, студенттердің өз ойларын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында біз өз алаңымызды ашуды ұйғардық, - деп бөлісті ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Александр Свидерский. –Бұл жоба бизнеспен айналысамын және өз ойлары мен жобаларын іске асыратын студенттерге де, бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлерге өте тиімді. Себебі, ұлттық және халықаралық деңгейде бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер бар және олар біздің жастарға көмектерін тигізе алады. Осыдан басқа, біздің ЖОО келесі жылы 1 және 2 курстарға кәсіпкерлік пәнін енгізуді жоспарлап жатыр.

Кездесуге қатысқан кәсіпкерлердің айтуынша, ендігі жерде жастардың жобаларын және ойларын іске асыру және жұмыстың сәттілігі мен жетістігі тек олардың қолдарында.

">