Перейти к содержимому страницы.

Павлодардың танымал қайраткерлері ПМПИ-де

31.10.2017

Біздің оқу ордамыздан білім алған Павлодардың танымал қайраткерлері Сұлтанбет сұлтан қонысын, «Margulan Centre» аймақтық археологиялық орталығын, «ПМПИ қолжазбасы» мұражай экспозициясына келді.

«БАҰО Өрлеу» АҚ басқармасының бастығы, ҚР ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Гульназ Ахметова, «Габек» ЖШС бас директоры Габбас Бектуров және Павлодар облыстық мәслихаттың экс-хатшысы Ринат Гафуров Павлодар Ертіс өңірінің киелі орындар картасына енген объектілермен танысты. Орталықтың қызметкерлері және Сұлтанбет сұлтанның тікелей ұрпағы Жұмабек Қамзин Сұлтанбет сұлтан атындағы ғылыми-білім беру кешеннің құрылу ойы мен тарихы туралы айтып берді. 

«Margulan Centre» аймақтық археологиялық орталығы да қонақтардың қызығушылығын тудырды. Қонақтар орталықтың зертханасымен және «Марғұлантану» кабинетімен танысты. Олар ПМПИ студенттері мен қызметкерлерінің атқарған жұмыстарына риза болды.

-Мен Қазақстанның басқа бөлігінде осындай ашылатын археологиялық орталықтарда жиі болып тұрамын. Танымал қайраткердің қонысын қайта қалпына келтіргендеріңіз өте қаунышты жайт, себебі осы арқылы сіздер өскелең ұрпаққа туған өлкенің тарихы туралы жалпы түсінік бересіздер.

ПМПИ ректоры, профессор Алтынбек Нухұлы институттың қарқынды дамуы туралы айтып, жаңа Студенттер үйін көрсетті. 500 орынға арналған пәтерлік жатақхана 2015 жылы ашылды. Осында «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жүрген студенттер тұрады. Жатақханада демалыс бөлмесі, медициналық кабинет, жаттығу залы, жеке заттарды сақтау бөлмесі мен техникалық бөлмелері бар.

Сондай-ақ делегация «Жастар алаңы» коворкинг орталығындағы кинозал, демалыс бөлмесін және жаттығу залына барды.

Кездесу соңында қонақтарға «Өнегелі тұлғалар» ПМПИ педагогикалық ардагерлері туралы 11 сериялы кітап және ғалым-өлкетанушы Т.Еңсебаевтың еңбек жинағы сыйға тартылды.

">