Перейти к содержимому страницы.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов ПМПИ-ге келді

24.06.2016

2016 жылғы 24 маусым күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына ҚР Білім және ғылым Министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжанов келді.

Конаққа жаңа Студенттер үйін көрсетті. 500 орынды пәтер типтес жатақхананың ашылуы 2015 жылы болған еді. Ғимаратта бос уақытқа арналған бөлмелер, кинозал, медициналық кабинет, жаттығу залы, кір жуатын орын бар. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арнайы бөлмелер жасалған. Бұл жатақханада жайлы өмір сүруге, тұрмыс пен демалуға барлық жағдайлар жасалған.

Әміржан Рахымжанов археологиялық-этнологиялық және палеонтологиялық зерттеулер ғылыми-практикалық орталығында болды. Орталық басшысы Тимур Смагулов қонаққа ұшқышсыз ұшатын аппарат негізінде қашықтықтан байқап көрудің спутниктік жайғастыру мен аэрофототүсіру кешенінің нақты жүйесі ғалымдар алдында қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы айтты. Техника Ресейде арнайы тапсырыспен жасалған және әзірге ПМПИ-де ғана бар. Аппарат көне ескерткіштердің ауада зерттеу мен мониторингін, археологиялық қазбалардың құжаттамасын жүргізуді іске асырады. ПМПИ ғалымдары мен студенттері оның көмегімен аймақтың картографиясын жаңартпақ.

Әмірхан Рахымжановқа экологиялық зерттеулер және биоценологияның ғылыми орталығын көрсетті. Орталық зертханасы әлемнің танымал өндірушілердің заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Құралдар мен материалдар экологиялық қауіпсіздіктің жоғары классына сәйкес. Бұл студенттерді оқу және зерттеушілік істерге белсенді қызықтырады.
ПМПИ ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухулы жоғары оқу орынның оқу, ғылыми және инновациялық қызметімен таныстырды және алдағы дамудың келешегі жайлы баяндады.
Кездесу соңында Әмірхан Рахымжанов институт басшылығына және барлық ұжымға табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.