Перейти к содержимому страницы.

Еуразиялық топпен кездесу

19.04.2017

18 сәуір 2017 күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институына  Алматы  менеджмент университетімен бірлескен Еуразиялық топ (ERG) ат басын бұрды. Еуразиялық топ мүшелері аналитик К.Алдабергенов, ҚР Тель-Авив достары  ассоциациясы университетінің вице-президенті  С.Арапова, Alma U кәсіпкерлікті дамыту және жаңарту орталығының директоры К.Южанина және  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі қатысты.  Кездесуде  ПМПИ ректораты, ғылыми зертхана жетекшілері, институт ғалымдары және жастар саясаты және тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы т.б. болды.   Аталмыш топтың келу себебі еліміздің оқу орындарында  студенттер арасында жастар эко-кәсіпкерлік жүйесін  өсіруге ықпал ету, қолдау мақсатында мониторинг жасау болып табылады. Аталмыш топ (ERG) әлеуметтік жауапты компания ретінде «Студенттер ортасында жастар кәсіпкерлігінің эко-жүйесі» жобасын іске қоспақшы. Сол ретте бірнеше өкілден құралған бұл топ Павлодарда 3 жоғары оқу орындарында болып ұжыммен танысып, кәсіпкерлік бағытын саралап, жобаға қатысу мүмкіндіктерін бағалап тұжырымдама жасайды. Еуразиялық топ өкілдері жоба туралы айтып берсе институт ғалымдары өз кезегінде институт және  оның ғылыми зертханаларымен ( физикалық марфология және гистология;  биоценология ж/е экологиялық зерттеу орталығы  зертханалары) таныстырды. Одан кейін кездесу «Марғұлан» археологиялық орталыққа ойысты. 19 сәуірде  ERG-топ аймақ әкімшілігі, «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы және Алматы менеджмент университеті мен «Мост» бизнес-инкубаторымен бірлесіп дөңгелек «Кәсіпкерлер университетін дамыту болашағы» тақырыбна дөңгелек стөл өткізді. Дөңгелек стөлге ПМПИ ректорының ғылыми жұмыс бойынша және халықаралық байланыс жөнінде орынбасары Әсем Ілиясова және институт биоценология және экологиялық зерттеу орталығы лабороториясының директоры Бибігүл Жұмабекова қатысты.  Соңында аймақта кәсіпкерлік сауаттылықты дамытудың жоспары талқыланып, серіктес университтермен ынтымақтастық бағдарламасы таныстырылды.      

">