Перейти к содержимому страницы.

«Серпін-2050» республикалық штабының өкілдері ПМПИ-де болды

21.10.2016

2016 жылғы 18 қазанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алушы студенттері республикалық штабтың басшысы Күлзия Табатаевамен және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» президентінің кеңесшісі Талғат Асқаровпен кездесті.

Мемлекеттік бағдарлама оңтүстік өңірлердің балаларын оқыту мен жұмысқа орналастыру мәселесіне арналған, ол арқылы жеткіліксіз кадрлардың орнын толықтыруға Павлодар облысы басты назар аударып отыр.  

2014 жылы «Серпін-2050» бағдарламасымен Павлодар облысының оқу орындарына оңтүстіктен 1000 жуық студенттер келген.

Міне, биыл екінші жыл әлеуметтік жоба ПМПИ-де қомақты түрде жүзеге асуда. ПМПИ 441 студентті Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы мен Маңғыстау облыстарынан  таңдап алды және бүгінгі күні олардың барлығы дерлік педагогикалық мамандықтар бойынша білім алуда. 

ПМПИ-де дәстүрлі түрде жоба жетекшісімен студенттер кездесіп отырады. Бұл кездесуде студенттер үшін маңызды сұрақтар талқыланып, жаңа идеялар мен ұсыныстар қаралады, сол идеялар арқылы бағдарламаның реформалары алдағы уақытта қалай өрбитіндігі айтылады.

Кіріспе сөз алған ПМПИ ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухулы қонақтарға жоғарғы оқу орнының алдағы уақытқа жасаған жоспарларымен бөлісті. Жаңа оқу жылынан бастап академик Әлкей Марғұлан атындағы аймақтық археологиялық орталық пен «Жастар алаңы» студенттердің коворкинг-орталығы сынды екі ошақтың жұмыс жасап жатқандығын айтты.   

Кездесу коворкинг-орталығында өтті. Ашылғанына көп уақыт болмаса да орталық студент жастардың бастамалары мен жобаларын жүзеге асыратын бірден бір алаңға айналып отыр. 

Алтынбек Нухулы ПМПИ студенттері үшін жан-жақты білім алуға және өзін-өзі дамытуына жағдай жасалғандығын атап өтті. Барлық қаладан тыс келген студенттерге, олардың ішінде  «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алушы студенттер жатақханамен толық қамтамасыз етілгендігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, кездесуде оқу мәселесі, студенттердің сауықтыру шараларына қатысулары, бағдарлама негізінде түлектердің жұмысқа орналасу жайттары кеңінен сөз болды.

Республикалық штабтың басшысы Күлзия Табатаева өз сөзінде: «Серпін» - біздің болашағымыз». деді. Ол балаларға жаңа қадамдарына сәттілік тілеп, үнемі даму үстінде болуларына, Қазақстанның білікті мүғалімі деген атаққа лайық болу үшін білім деңгейлерін көтеру керектігіне тоқтады. Штаб басшысының бұл сұрақтағы басты рөлі -бағдарламаның бастапқы парақшаларын бүгінгі студенттерге түсіндіру. 

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша магистратурада грант иеленуге мүмкіндік бар екендігін естіген студенттер таңданыстарын да жасырмады. 

Штаб басшысы 26 қарашада өтетін Discovery Borovoe базасында болатын лагерьге көшбасшы студенттерді шақырды.

Кездесуге сондай-ақ Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова мен жастардың ұсыныстарын дамыту орталығының өкілдері қатысты. 

Павлодар облысы бойынша серпіндіктер штабының басшысы және ПМПИ серпіндерінің көшбасшысы Дарын Тәжібаев студенттер атынан сөз алып, жоғарғы оқу орнында тыңғылықты білім алуға жағдай жасап отырған институт ректорының міндетін атқарушы Алтынбек Нухулына шексіз ризашылығын білдірді.  

Павлодар облысының серпіндіктері жылына екі мәрте біздің аймағымыздың намысын ғылыми және әлеуметтік жобалар арқылы мемлекет алдында қорғауда. Оқу ордасының жастар бірлестігі көшбасшылары өз жұмыстарының қорытындысымен бөлісіп, қонақтарға таныстырды. Маңызды рөл әлеуметтік салада, яғни, басқа аймақтардан келген жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау. Олар үшін спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Белсенді өмірлік көзқарас пен шектеусіз шығармашылық – сәттіліктің басты сыры, дейді серпіндіктер.

Студенттер өздерін осындай іргелі оқу орнында білім алатындықтарын маңқтан тұтады және оқытушылардың сенімдерін адал ақтайтындықтарына сенім білдіреді. Қазіргі уақытта студенттер алдарына халықаралық деңгейге көтерілуді мақсат етіп қойды.

Алғыс білдіру үшін ел алдына 2 курс студенті Әсел Тоғызбаева шығып, ПМПИ-де серпіндіктер үшін әнұранға айналған «Мен серпіндікпін» әнін шырқады.

Кездесу соңында қонақтар оқу ордасына алдағы уақытта да гүлдене беруіне тілектестік білдірсе, студенттерге республиканың өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, ойлаған идеяларының жүзеге асуларын тіледі.

Кездесуге қатысушылар естелік сыйлықтармен алмасты. Алтынбек Нухулы қонақтарға Павлодар облысының, соның ішінде біздің институттың қонақжайлылығын көрсететін фотоальбомды сыйға тартты. 

">