Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де «Үздік дефектолог – 2017» конкурсы өтті

03.11.2017

2 қараша күні ПМПИ-де  институттың 55 жылдығына және халықаралық логопед күніне арналған «Үздік дефектолог – 2017» конкурсы өтті.

Конкурсқа қатысушылар авторлық әдістемелік құрал мен «Педагогикалық жағдайды шешудің жолдары» таныстыруын дайвндау керек еді.

Әділ қазылар алқасының төрағасы – анатомия, физиология және дефектология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Кенжебаева Тәттігүл, әділ қазы мүшелері – кафедраның аға оқытушысы, тәжірибелі логопед Жанар Измайлова және аға оқытушы Асем Ахметова. Сонымен бірге әділ қазылар ретінде Павлодар облысы бойынша «БАҰО Өрлеу» АҚФ қоғамдық байланыс пен баспа қызметі бөлімінің бастығы Гаухар Курманова және «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» ҚММ дефектологі Шолпан Сардарбекова шақырылды.

Шараға Павлодар облысы мен қаласы бойынша түзету орталықтарының 20-дан астам педагог-дефектологтары қатысты. Олар конкустың барлық кезеңінде инновациялық технологияларды қолданған авторлық әзірлемелерді ұсынып, үлкен тәжірибелігі мен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Әділ қазылардың айтуы бойынша, ең үздігін таңдау қиынға соқты. Себебі, қатысушылардың барлығы да конкурс жұмысына шығармашылықпен қарап, өз жұмыстарына адал екендіктерін көрсетті.

Конкурс нәтижесі бойынша ең үздік дефектологтар:

Жалпы 1 орын – Вера Каучук («Есту қабілеті бұзылған №1 ЖОМ» ММ).

Жалпы 2 орын – Гүлжан Ахметова («Есту қабілеті бұзылған №1 ЖОМ» ММ)

Жалпы 3 орын – Айгүл Джумадиева (Облыстық балалар психоневрологиялық және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ).

«Кәсіби таныстыру» номинациясында Марина Иванова («Павлодар қаласының ой-өрісі бұзылған балаларға арналған түзетулік үлгідегі № 39 балабақша»МҚКК) марапатталды.

«Үздік оқу-әдістемелік құралы» номинациясында Бодак Кристина Викторовна («Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру» ҚММ) ерекшеленді.

«Педагогикалық жағдайды шешу» номинациясында Эргашева Кристина («№27 балабақша» ҚММК)

Барлық конкурсанттар дипломмен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

">