Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады

25.09.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі мен институт профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлескен отырысы өтті. Іс-шара кезінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру, сондай-ақ латын қарпі негізіндегі бірыңғай әліпби стандартын қабылдау тақырыбы талқыға салынды.

ПМПИ ректоры Алтынбек Нұхұлы кирилл алфавитін қолданған аралық ішінде осы әліпби қазақ тіліне кері әсері тигізбей қоймағанын атады. – Кейбір азаматтарымыз, соның ішінде қазақшаны жетік меңгерген адамдар қазақ дыбыстарын дұрыс айта алмайтыны ешкімге де жасырын емес. «Қ», «ң» секілді дыбыстарды айта алмайтын жастар буыны өсіп келе жатыр. Мұндағы кирилл әліпбиінің рөлі елеулі. Осы тұрғыда латиницаға көшуіміз уақтылы қадам. Алайда бұл мәселеде асығыстыққа жол бермей, тіліміздің барлық ерекшеліктерін ескеруіміз қажет, - деді ЖОО ректоры.

Бұл пікірді Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Ғалымбек Жұматов та қолдады. Оның айтуынша диграфтарды қолдану жіті зерттеуді қажет етеді. – Диграфтарды қолдану – жалпы әлемдік тәжірибе. Мысал үшін, оларды неміс тілінде де қолданады. Немісше «ч», «ш» қалай жазылатынын бәріміз білеміз. Алайда оларды бір сөзде бірінен соң бірін қолданбайды және де олар тек дауыссыз дыбыстар үшін қолданылады. Осы орайда 25 әріптен тұратын әліпби нұсқасы әлі де жетілдіруді қажет ететіні анық, - деп атап өтті жазушы.

«Мирастың» тағы бір мүшесі – белгілі журналист Ақмарал Сағынбекова да пікір алмасуға өз ойын ортаға салды. Оның айтуынша жаңа жазуға көшу кезінде түркі әлемімен ықпалдасу бағытын да ойдан шығармау керектігіне назар аударды. – Әліпби алмастыру – оңай шаруа емес. Қарап отырсаңыз, қазақ халқы соңғы 100 жылда үшінші рет әліпби ауыстырғалы жатыр. Латын қарпіне ауыстыруды толық қолдаймын. Бірақ қауіптерді барынша кемітуіміз қажет. Латын қарпіне әйтеуір көшеміз бе, түркі интеграциясы мәселесін де естен шығармауымыз қажет деп есептеймін, - деді журналист.

Іс-шара соңында «Мирас» ҚК төрағасы Роза Игібаева кеңес мүшелеріне ұсыныстары мен белсенді қоғамдық позициялары үшін алғыс білдірді. Оның сөзінше, барлық ұсыныстар қараусыз қалмай, олар құзыретті органдарға жолданатын болады.

Дереккөз: «Нұр Отан» партия ПОФ баспасөз қызметі.

">