Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ мерейтойы аясында өлкетанушы, профессор Тілеукен Еңсебаевтың 70-жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

20.09.2017

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 55-жылдық мерейтойы аясында оқу орданың тарихын дәріптеу мақсатында және аса құрметті тұлғалардың құрметіне орай бірнеше кітаптың тұсаукесері өткені мәлім.

Келесі кезекте ұлтының тарихын, шежіресін зерттеп, насихаттауды қолға алған азаматтырдың бірі, көкірегіндегі намысы жоғары тұлға Тілеукен Ахметұлы Еңсебаев.

Дөңгелек үстелге Алтынбек Нухұлы – ПМПИ ректоры, Зейнат Еңсебаева – Тілеукен Еңсебаевтың жұбайы, Арман Қани – Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, Социал Әйтенов – «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Дәуенов Ернұр – Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының бастығы, Майдаш Рахимжанова – ПМПИ «Ұлағат» ғылыми-практикалық орталығының директоры қатысты.

Тілеукен Еңсебаевтың 7 томдық кітаптар жинағының салтанатты тұсаукесер рәсімін ПМПИ ректоры Алтынбек Нухұлы және Тілеукен Еңсебаевтың жұбайы Зейнет апай өткізді.

  • Рулар шежіресі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса бастағанда, Тілеукен Ахметұлына небір айыптар тағылды. Кейбіреулер ғалымды коньюктурлік пен популизмге салынды деп кінә тақса, кейбірі ғалымның әр түрлі рулардың шежіресін зерттеуінен рулық трайбализмді көрді. Бірақ өз ісіне берілген дарынды өлкетанушының қажырлы еңбегінің арқасында біз, әр түрлі рудан шыққан Ертіс-Баян қазақтары, жеті атамызды, тіпті одан да әріге кеткен тамырымызды таныдық, - деді ПМПИ ректоры, химия ғылымдарының докторы Алтынбек Нухұлы.

Өлкетанушы Тілеукен Еңсебаевтың 7 томдық еңбек жинақтары келген қонақтардың барлығына сыйға тартылды. Профессордың туған-туыстары сөз сөйлеп, Тілеукен ағаның игі істерін еске алып, бағалы жинақтың жарыққа шығуына үлес қосқан адамдарға және аталмыш іс-шараның атап өтілуіне ризашылықтарын білдірді.

">