Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ студенттері IX жазғы республикалық универсиадада тоғызқұмалақ бойынша жалпы командалық екінші орын иеленді

02.11.2017

20-29 қазан арлығында Түркістан қаласында ІХ жазғы республикалық Универсиада аясында тоғызқұмалақ бойынша жарыс өтті. ПМПИ құрамасының намысын жаттықтырушы Шарип Кашкеновтың жетекшілігімен оқу ордамыздың студенттері – Асель Темирханова, Анастасия Фоос, Айдана Зейнолла, Аксана Жумабаева және Айымгүл Қожахметова қорғады. Жарыстың 5 күндік бағдарламасы бойынша ПМПИ қатысушылары 10 команданың ішінен жалпы командалық ІІ орынды иеленді. Жеке есепте күміс медальдарға Асель Темирханова, Анастасия Фоос және Айдана Зейнолла ие болды.

Сонымен бірге Универсиада аясында Талдықорған қаласында жағажай волейболының жарысы өтті. Жаттықтырушы Қанат Жоланның жетекшілігімен оқу ордамыздың студенттері IV жалпы командалық орынға ие болды.

">