Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ студенттері киізден бұйым жасау өнері бойынша кездесу ұйымдастырды

27.10.2017

 «Zhasproject» жобасының мүшелері және «Анатомия, физиология және дефектология» кафедрасының аға оқытушысы Алтынай Мурзатаева, дефектология мамандығының 4-курс студенттері мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен кездесу ұйымдастырды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың  әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі. Осы мәселені шешу мақсатында даму мүмкіндігі шектелген тұлғаларды киізден бұйым жасай отырып, оларды бейімдеу, қоғамға кіріктіруді көздейді.

Аталмыш жобада киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып,  сәндік бұйымдар жасау,  сурет салу, т.б. түрін меңгерудің  заманауи  құндылығын ашу арқылы олардың өз қажеттіліктерін қамтамасыз ете білуге үйретеді.

Тәжірибеге  күрделі кемістіктері бар балалар да қатысты. Мекемедегі еңбек инструкторы Акказенова Асем киізбен жұмыс жасау технологиясын студенттерге және балаларға түсіндіріп, бағыт – бағдар беріп, жетекшілік етті. Еңбек инструкторының көмегімен әр түрлі техникаларды қолданып, сулы киізден қолөнер бұйымын жасады. Балалар да үлкен қызығушылықпен атсалысып, белсенділік танытты.

Кездесу соңында мекеме басшылары ұйымдастырушыларды алғыс хаттарымен марапаттады. Студенттер балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті.

">