Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ түлегі Айдана Муратова 2017 жылғы үздік студенттердің тізіміне енді

30.10.2017

Республика және таяу шетелдің түрлі сала қызметкерлері, түлектері, болашақ мамандары «Elite» кадрлық холдингтің ұйымдастыруымен Алматы қаласында жыл сайын өткізілетін «2017 жылғы үздік студенттері» конкурсына қатысты. Бірінші кезеңде студенттердің оқуда, спортта, конкурстар мен олимпиадалардағы жетістіктері мен қоғамдық жұмыспен айналысу мәселелері есепке алынды. Екінші кезеңге өткен қатысушылар әділ қазылар алқасын эсселермен таныстырды.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі Айдана Муратова конкурста оқуда жеткен түрлі жетістіктерін мақтау қағаздарын, сертификаттарды және эссені ұсынып, 2017 жылдың үздік студенті тізіміне енді.

Айдана «Мой успех – успех страны» облыстық конкурсының жеңімпазы, Павлодар облысы әкімдігі жастар саясаты кеңесінің мүшесі. Оқу жылдары кезінде жастар ісі бойынша комитеттің төрағасы, ПМПИ ғылыми кеңесінің мүшесі болып, Павлодар облысы әкімінің және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Конкурсқа 2099 адам қатысып, оның ішінде 127 қатысушы жеңімпаз атанды.

«Үздік студенттер» конкурсының финалына өткен қатысушылар – түрлі сала бойынша еліміздің баға жетпес кадрлық қоры. Айдананы құттықтап, қызметінде жетістіктер тілейміз.

Конкурс жеңімпаздарының тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:

YoungStaff.kz

">