Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-да математика және жаратылыстану факультеті кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

01.03.2018

Күн тәртібіндегі басты мәселе – факультет кеңесінің жаңа құрамын бекіту. Құрамына декан, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы және ПОҚ енді.

Декан Б. З. Жумадилов факультеттің атқарған жұмысы жайында есеп берді. Өз сөзінде факультеттің басым бағыттарына тоқталып кетті, яғни 6М060700-Биология; 6М011200 Химия, 6М010900 Математика, 6М011000 Физика, 6М011100 Информатика мамандықтары бойынша магистратура, ал 6D011300 – Биология, 6D011200 – Химия мамандықтары бойынша докторантураның ашылатынына тоқталып кетті.

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Е. Анафина күндізгі бөлім студенттерінің қысқы сессиядағы үлгерімі туралы есеп берді. Деканның ғылым жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Б.Исабекова факультет студенттерінің пәндік олимпиадаға, студенттер мен ПОҚ-тың Start Up жобаларға қатысатындығы туралы есеп берді.

">