Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-да VII қысқы универсиада жеңімпаздарын марапаттады

12.03.2018

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде VII  қысқы универсиадада жалпыкомандалық бірінші орын алған жеңімпаздарда марапаттады.

Іс-шараға студенттер, оқытушылар және жаттықтырушылар қатысты.

- 11 алтын, 9 күміс және 11 қола, жалпы алғанда 31 медальді жеңіп алған спортшыларымызды құттықтаймыз. Университет үшін бұл тарихи оқиға, - деді ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлы. –Сондықтан 40 ЖОО арасында бірінші орынды иеленген студенттерімізді және оларды дайындаған жаттықтырушылары мен оқытушыларын құттықтаймыз!

Іс-шараның мейманы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Карякин Виктор ұйымдастырушылардың қосқан үлесін атап кетті:

-Құрметті әріптестер мен универсиада қатысушылары! Сіздерді аймақтық дене шынықтыру оқу-практикалық орталығы атынан осы айтулы оқиғамен құттықтаймын. Алғаш рет осындай ауқымды шараның иесі атанып қана қоймай-ақ, сонымен қатар жеңімпаз да атандық, - деп атап кетті шараның қонағы. – ПМПУ өкілдері бір айдан аса айналысқан кең көлемді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде біздің алған жеңісіміз Павлодар Ертіс өңірінің намысын қорғап шықты

Іс-шарада атап кеткендей, барлық жеңімпаздардың жеңісіне қосымша марапат болатын тағы да сыйлық беріледі.

">