Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-да жасөспірімдер арасында еркін күресі бойынша аймақаралық турнир өтті

25.01.2018

ПМПУ спорт кешенінде 2003 жылғы ПМПУ түлегі Әсет Бейсекинді еске алу құрметіне орай жасөспірімдер арасында еркін күрестен V аймақаралық турнир өтті.

2003-2005 жылдары туылған және одан да кіші жасөспірімдер қатысты. Ресей командалары: Якутиядан 4, Новосібірден 1 команда және Қазақстанның 8 облысы қатысты.

Жалпы алғанда, турнир қатысушыларының саны 300-ге дейін жетті. Турнир мәресінде барлық қатысушылар кубоктармен, естелік медальдармен және мақтау қағаздармен марапатталды.

Ә.Бейсекиннің туған-туыстары жастар саясаты департаментіне және спорт клубының төрағасы Д.Балтагуловқа өз алғыстарын білдіруде.

">