Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-нің «Ақиқат» дебат клубы "Elitе Cup ІІІ" республикалық турнирінен жүлделі орындармен оралды

27.02.2018

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенттерінен құралған "Ақиқат" дебат клубының мүшелері Астана қаласында  өткізілген "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру " атты ҚР Президентінің бағдарламасы аясындағы "Elitе Cup ІІІ" атты дəстүрлі республикалық турниріне қатысып, жүлделі орындармен оралды.

Аталмыш шараға Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарының ең үздік 80 пікірсайысшылары қатысып, ПМПУ-нен 8 студент шақыртылды. Олардың ішінде Молдабекова Ханзада спикерлік ұпай саны бойынша үздік ондыққа кірді, Смат Мейір мен Əлімқұл Айгүл жастар финалистері атанып, Тəтіш Шарапат пен Есенкұл Ақəділ ақтық ойынның жеңімпаздары атанды.

Айта кететін жайт, «Ақиқат» клубының жетістіктері аз емес. Астана қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің қабырғасында "Аманат" ИПК ұйымдастыруымен өткен дəстүрлі 2 республикалық пікірсайыс турниріне қатысып командалық есепте үздік бестікке кірген еді. 2017 жылдың басында М.Оспанов атындағы БҚММУ 60 жылдық мерейтойына арналған республикалық пікірсайыс турниріне қатысып, Молдасапар Шыңғыс пен Есенкұл Ақəділ 32 команданың ішінен плейофф(үздік сегіздік) кезеңіне өтсе, Молдасапар Шыңғыс спикерлік ұпай санының жоғары болуына байланысты логиканың ұшқырлығын талап ететін ЛД форматы бойынша 1/2 кезеңіне дейін өтті. 2018 жылдың қаңтар айының 26-28 жұлдызында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде өткізілген халықаралық "ҚМУ CUP - XII" дəстүрлі пікірсайыс турниріне қатысып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

"Ақиқат" дебат клубының мүшелері университетімізде белсенді  жастарға қолдау жасап отырғаны үшін университет ректоры мен барша ұстаздар қауымына алғыстарын білдіреді.

">