Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ студенттері «Сабаққа арналған үздік презентация» атты республикалық сайыста ІІ орынды иеленді

03.03.2018

Аталмыш шараны «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы ұйымдастырған еді.

Жалпы, сайыстың мақсаты мұғалім беделін арттырып, кәсіби қарым-қатынастағы көкжиегін арттырып, ұстаздардың жұмысын насихаттау және білім сапасын жетілдіру.

«Сабаққа арналған үздік презентация» атты сайысқа «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының қысқартылған топ студенттері Каппарова Адина және Самсанова Нурия қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Студенттер «Математиканың бастапқы курсындағы геометриялық ұғымдар» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы 1-ші және 2-ші сынып оқушыларына арналған тақырыптық презентацияларды ұсынды.  Аталмыш жобаларға жетекшілік еткен - п.ғ.к., профессор Кененбаева М.А.

">