Перейти к содержимому страницы.

Педагогика және спорт факультеті студенттерінің студенттік қабылданулары

20.10.2016

2016 жылғы 19 қазанда педагогика кафедрасы бірінші курс студентінің әрқайсысы үшін маңызды болып саналатын жаңалық – студенттік қабылдану мерекесін ұйымдастырды. Бұл күні акт залында педагогика және спорт факультетінің барлық бірінші курс студенттері жиналды.

Құттықтау сөз деканның орынбасарлары Ж.Ж.Серғазина мен М.К. Сырлыбаевқа беріліп, олар бірінші курс студенттерін құттықтады.

Үшінші курс студенттері концерттік бағдарлама әзірлеп, түрлі нұсқадағы қадамадарды үйымдастырды. Бұл қадамдарды барлық студенттер бірлесе орындады.  

Шығармашыл жастар мереке кезінде өздерінің жоғарғыи оқу орнында лайықты оқитындықтарын тағы бір мәрте көрсетіп, болашақта білікті маман болып шығатындықтарын айтты.

Акт залындағы мерекеде сыңғыр күлкілер естіліп, жағымды көңіл-күй тұрды.

Шара соңында бірінші курс студенттері салтанатты ант қабылдап, оларға сынақ кітапшасы мен студенттік билеттер табыс етілді.

Жаңадан келген студенттер дәстүрлі түрде келесі жылы өздерінің ізбасарларына да көңілді мереке сыйлап, құрметтеп, жаңа жобаларын ұсынады деген үміттеміз.  

">