Перейти к содержимому страницы.

География және химия кафедрасындағы мереке

05.10.2016

География және химия кафедрасының студенттері үлкен залда Ұстаздар күні мен Қарттар күніне орай екі атаулы датаға арнап, салтанатты шара өткізді.

Салтанатты жиынға педагогикалық еңбектің ардагерлері Тамара Ивановна Васильковская, Мадина Шәріпқызы Ыбыраева, Қарашаш Ахметқызы Ашитова қатысты. Олар өз сөздерінде мұғалімдіктің мәні мен маңыздылығына тоқталып, кафедраның ұстаздары мен студенттеріне осындай игі шараны ұйымдастырып, өткізгендеріне ризашылықтарын білдірді.

Студенттер ардагерлерге музыкалық және ұйымдастырушылық қабілеттерін танытып, татымды көңіл-күй сыйлады. Мереке мәнді де сәнді өтті. 

">