Перейти к содержимому страницы.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында іс-сапармен болды

17.03.2016

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына іс-сапары кезінде 2016 жылғы 16 наурызда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жаңа жатақханасында болып қайтты. Елбасы мекемені түгелімен аралап, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алап жатқан студенттермен әңгімелесті. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен әңгімесінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Нұрғали Аршабеков жетім, асыраушысынан айырылған балалар мен көпбалалы отбасының балалары және мүмкіндігі шектеулі балалар бұл жатақханада тегін тұратындығын айтып өтті. Тұратын орнымен барлығы толығымен қамтамасыз етілген, өйткені институттың екінші Студенттер үйі бар екендігін тілге тиек етті.

ПМПИ студенті Ираклий Асатиани Президентпен кездесуі туралы былай бөлісті: «Басқа да азаматтар секілді мен үшін Ұлт көшбасшысымен кездесу арман болғаны шындық. Оның жүргізіп отырған саясатының арқасында біз сапалы білімге қол жеткізіп отырмыз. Өзім әртүрлі тілді меңгеру үстіндемін. Өйткені, Павлодар облысынан ерікті ретінде ЭКСПО-2017 қатысып, өз елімді шетелдік қонақтарға лайықты тұрғыда ұсынғым келеді».

Кездесу соңында Мемлекет Басшысы институтқа шағын автобусын сыйға тартты.

">