Перейти к содержимому страницы.

Студенттің жолбағыттаушысы

Анықтама–жолсілтеуші Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында білім алу кезіндегі академиялық рәсімдер мен ережелердің сипаттамасы.

Құрметті студенттер!

Осы анықтама–жолсілтеуші Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында білім алу кезіндегі академиялық рәсімдер мен ережелердің сипаттамасы болып табылады.

Тіркеу

Сізге бакалавриат бағдарламасына тіркелу үшін өзіңіздің эдвайзеріңізбен кездесу қажет. Эдвайзер сізге оқитын пәндеріңізді таңдауға және студенттің жеке оқу жоспарын толтыруға көмектеседі. Өзіңіздің оқу траекторияңызды таңдағаннан кейін, деканаттың хабарландыру тақтасына ілінген тіркеу кестесіне сәйкес тіркеуден өтесіз. Содан соң жеке оқу жоспарыңызды эдвайзерде бекітіп, оқу жетістіктерін тіркеу және есепке алу секторы. Осыдан кейін (ОЖТжЕАС).

Электронды тіркеуге қарап, академиялық топтар құрылады. Тиімді топ болып 20 адамнан құралған топтар есептеледі.

Келесі академиялық кезеңге тіркелу кестесін алдын-ала біліп алғаныңыз жөн, бұл жөнінде ақпаратты осы анықтама–жолсілтеушіден таба аласыз. Сондай-ақ эдвайзер мен ОЖТжЕАС маманынын сұрап біле аласыз. Ескерту, өзіңіздің жеке оқу жоспарындағы ақпаратты эдвайзерде бекітпес бұрын, тағы бір тексеріп алғаныңыз жөн. Егер тіркеу кезінде сұрақтар туындаса, эдвайзерге немесе ОЖТжЕАС маманына хабарласыңыз

Құрметті студенттер!

1 курс студенттерін тіркеу 25 тамыздан, 2-3,4 курс студенттерін тіркеу 30 наурыздан басталатынын еске саламыз.

Жаратылыстану факультетінің деканаты Мир к. 60,  № 306 кабинет

Педагогика және спорт факультетінің деканаты Торайғыров к. 58, №205 кабинет   

Филология және тарих факультетінің деканаты Торайғыров к. 58,              № 303 кабинет 

Математика факультетінің деканаты Торайғыров к. 58, № 107 кабинет

ОЖТжЕАС офис тіркеушілер Мир к. 60, № 330, 325А кабинеттер

Оқуда жетістітер тілейміз! 

 

1.ПМПИ-дағы КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯҒА ҚАТЫСТЫ  АКАДЕМИЯЛЫҚ РӘСІМДЕР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ.

Бұл бөлімде негізгі ұғымдар мен ұйғарымдар туралы мәлімет аласыз

академиялық күнтізбе(Academic Calendar) – оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

академиялық кезең (Term) – үшнысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

білім алушының академиялық рейтингі ((Rating) аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

академиялық сағат – кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлері немесе жеке бекітілген график бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;

академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр, немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішіне немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

белсенді үлестірмелі материалдар(АРМ) (Hand-outs) – білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табымты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс, тезис, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар); 

білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін;

қорытынды бақылау (Final Examination) – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;

кредиттік оқыту технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауыжәне реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

таңдау компоненті (Electivec) – белгіленген кредит шеңберінде және институт енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты  өңірдің, ЖОО-да ғылыми мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке кіретін оқу пәндері;

білім алушылардың оқудағы жетістігі – білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) –мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде институт дербес әзірлейтін құжат;

офис регистратор (Office of Registrar) – білім алушының оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

пәндер бағдарламасы (Syllabus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның тақыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

оқу үлгерімінің орташа баллы (Grade Point Average - GPA) -  (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразылынған орташа бағасы;

білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) (Office Hours) - өз бетінше оқуға берілген, оқу әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шағармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақыраптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс;

оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) (Office Hours) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы( ОМӨЖ) болып бөлінеді;

тьютор (Tutor) – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші ролін атқаратын оқытушы;

межелік бақылау – біроқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; учебной дисциплины, проводимая преподавателем, ведущим учебные занятия;

транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалры көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;

білім алушының оқудағы жетістігі – білім алушының оқу үрдісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) –мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде институт дербес әзірлейтін құжат;

эдвайзер (Advisor)- тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;  

  Жазғы семестр қосымша оқу немесе академиялық қарыздарды жою мақсатымен студенттің бастамасы бойнша ұйымдастырылады.

2. ЖАЛПЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ РӘСІМДЕР:

Бір кредиттің академиялық көлемі 45 сағатқа тең.

Оқу сабақтары бекітілген оқу кестесіне сәйкес өткізіледі, Оқу кестесі 1 семестрге құрастырылады. 1 сбақтың көлемі 50 минутқа тең. 1 Оқу семестрінің академиялық ұзақтығы 15 апта.

Оқу жылының академиялық мерзімі 36 аптаға тең, оның  30 аптасы теориялық сабақ оқуға, 6- аптасы студетті қорытынды аттестаттау, 7- аптасы демалысқа бөлінеді.

Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі.

Студеттің оқу траекториясына қатысты пәндер белгіленеді.Жоғары курс студеттері үшін тіркеу 30 наурыздан бастап, ал 1 курс студентттеріне 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жеке оқу жоспары деканмен бекітіліп деканатта сақталады.

Жеке оқу жоспары эдвайзердің бақылауымен жүргізіледі. Оқу-әдістемелік нұсқаулық:

Оқу жұмыс жоспары (Sillabus);

Тәжірибелік сабақтар жоспары;

Оқытушының тапсырмаларын орындау;

Тәжірибені өту бағдарламасы.

Оқу әдістемелік құралдарды кафедралар дайындайды.

аудиторлық жұмысқа арналған материалдар, дәрістер,тб кафедра әзірлейді.

студенттің өздік жұмысы бойынша жұмысы, әр пән бойынша өзін тексеруге арналған құжаттар, тестілер, бақылау тапсырмалары, емтихан тапсырмалары мен сұрақтары;

  тәжірибе өтуге арналған құжаттар.

11.Студенттің бір курстан бір курсқа ауысуы орташа балға(GPA) байланысты жүзеге асырылады

.Егер тиісті көшу балы жиналмаған жағдайда қайта оқытылады

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

3.1 Студенттердің құқықтары:

Студенттер құқылы:

Мамандықтың жалпылай міндетті стандарттарын ұстану;

Жеке траектория шеңберінде білім алуға;

Қосымша білім алуға, таңдау бойынша курстарды өтуге;

ҚР БжҒ министрлігінің заңыны сәйкес оқуға түсуге, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға құқылы

ПМПИ-дің кітапхана қорын және ақпараттық жүйелерін тегін қолдануға;

Оқитын пәндері бойынша силлабустарды қолдануға;

Түлектер жұмысқа және магистратураға түскенде тең құқықта болады;

Мемлекеттік грантта оқитын студенттер шәкіртақы алуға құқылы..

Мемлекеттік грант және ақылы түрде оқитын студенттер жатақханадан орындармен қамтылады.

            Ақылы түрде оқитын студенттер төмендегідей жеңілдіктер алуға құқылы:                     

1  Білім алғандығы туралы құжатттың орташа баллына қатысты бірінші курсқа жасалады:

КҮНДІЗГІ БӨЛІМ

Мамандық түрі / Балл

3,5- тен төмен

3,5-3,99

4,0-4,49

4,5-4,99

5,0

Білімі     

-

20%

25%

30%

50%

Гуманитарлық, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар

-

 

5%

10%

35%

 2 сессияны үздік тапсырған жағдайда:

КҮНДІЗГІ БӨЛІМ

20 %

3  Отбасылық жеңілдік, бір үйде тұратын екі немесе одан да көп отбасы мүшелері оқыған жағдайда:

КҮНДІЗГІ, СЫРТТАЙ ОҚУ ТҮРІ:

Отбасының әрбір келесі мүшесіне 10 % жеңілдік

4  Алдыңғы қатарлы спортшылар мен дарынды, өнерлі жастарға

Алдыңғы қатарлы спортшылар (күндізгі бөлім)

25%-ға дейін

Дарынды, өнерлі жастар (күндізгі бөлім)

15%-ға дейін

5  Институт қызметкерлері, олардың ерлі-зайыптылары және балаларына

Еңбек өтілі

Место работы

1 жыл

2 жыл

3 жыл

4 және одан көп

ПОҚ, ОКҚК пен  ӘБҚҚ

10%

15%

20%

30%

Шаруашылық бөлім бойынша қызмет корсетушілер құрамы

5%

10%

15%

20%

6Әлеуметтік-мұқат- жастарға арналған жеңілдік:

 - бала кезінен мүгедек студенттерге, 1-2 топ мүгедектеріне (күндізгі және сырттай бөлім) – 50%,

- жетім қалған студенттер қатарынан (күндізгі бөлім, 23-жасқа дейінгі сырттай бөлім студенттеріне) – 50%,

- Ата-анасының екеуі де 1 және 2 топ мүгедектері болған жағдайда (күндізгі бөлім) – 25%, ата-анасының біреуі 1 немесе 2-ші топ мүгедегі болған жағдайда – 15%, отбасында 18 жасқа дейінгі (4 бала немесе одан да көп балалары болған жағдайда), (күндізгі бөлім) – 15%.

- Ата-анасының екеуі де зейнеткер (әйелдер үшін 58 жас, еркектер үшін 63 жас), күндізгі бөлім — 10%,

- толық емес отбасынан шыққан студент (күндізгі бөлім) — 10%.

- Ата-анасының біреуі соғысқа қатысқан немесе сондай санатқа теңелген жағдайда , күндізгі бөлім студенттеріне - 20%.

6  Оқу жылының 1 жылдық оқу ақысын толық төлеген жағдайда  - 7%.

7. Кәсіптік бағдар берудің жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін.  Оқуға кем дегенде 5 адамды тартқаны үшін оқу жылына 1 рет беріледі. Әрбір бес адамды оқуға тартқаны үшін оқу ақысына 10% жеңілдік жасалады.

8 Ауыл мектептерінің түлектеріне (күндізгі бөлім) бірінші семестрге - 20% 9  Жеке гранттарға (жеңілдіктер), шәкіртақы.

ЖОО Ғылыми кеңесінің және/немесе грант берушінің шешімімен жасалады.

10 Барлық жеңілдіктер алғашқы оқу жылдарында ақылай қарыздары болмаған жағдайда ғана жасалады.

3.2 Студенттердің міндеттері:

Кредиттік технология бойынша оқитын студенттер міндетті:,

өзі таңдаған мамандығы бойынша практикалық дағдыны және зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін игеруге;

ЖОО деканатқа уақытында тапсыруға;

Академиялық күнтізбеге сәйкес бекітілген пәндер бойынша өздік жұмысын орындауға; посещать ежедневно учебные занятия;

Ауырғаны жөнінде анықтаманы уақытында өткізуге;

Оқуға кешікпеуге;

Оқу-әдістемелік құралдарды ұқыпты ұстауға;

ПМПИ-дің ішкі тәртібін сақтау (сырт киіммен жүрмеу, шылым шекпеу, дауыстап сөйлемеу);

Сабаққа іскерлі киіммен қатысу;

Ұялы телефондарды сабақ үстінде өшіріп қоюға.

4. ОҚУ ҮДЕРІСІ, БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ:

4.1. Оқу жоспары, силлабус:

Білім беру ісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінде бекітілген жиынтық жоспар негізінде жасалған оқу жоспарларына сай жүргізіледі.

Оқу жұмыс жоспары. Оқу жоспарына әрбір пән бойынша міндетті компонент және таңдау бойынша компонент тізімі кредитпен көрсетіледі. Әр пәннің жүргізілетін мерзімі және түрі көрсетіледі. Оқу жоспары бір жылға құрылып, ПМПИ ректорымен бекітіледі. Мамандықтың оқу жоспары пәндердің 3 тобынан тұрады:

Пәндер, міндетті;

Пәндер, міндетті, бірақ, ретсіз;

Пәндер,  таңдау бойынша.

Оқу жоспарына сәйкес студенттің жеке оқу жоспары жасалады.

Студенттің жеке оқу жоспары эдвайзердің және регистратордың көмегімен ұйымдастырылады. Эдвайзер, шығарушы кафедраның оқытушысы.

Тіркеуші, студенттердің өтініштеріне сүйеніп, топтарды құрастырады. Әрбір студент оқу жылының басында силлабустармен қамтылады.

4.2. Студенттің орташа баллы (GPA). Рейтинг. Бақылау.

Оқу жылының қортындысы мен жазғы семестрдің есебінен тіркеу офисінің мамандары студенттің орташа баллын (GPA) есептейді. Ол балл студенттің білім жетістіктерінің орташа баллы болып есептеледі

Студеннтің оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша орташа (GPA) саналады, оның максималды бағасы 4 балл.

Орташа балл студенттің қорытынды бағалары арқылы  саналады.  Сонымен қоса қорытынды баға рейтинг жүйесі арқылы саналады. Рейтинг дегеніміз – баллмен саналған студент қызметінің бағасы.

Рейтинг сапалы оқудың жиынтық корсеткіші, баллдардың жалпы корсеткіші бойынша саналған,  студенттің бір академиялық кезенде жасаған жұмыс түріне алған бағалары.

Студент білімін үздіксіз аралық бағалаудың бір бірімен байланысқан үш түрі бар: ағымдағы, аралық және қорытынды. Студент әр бақылауға тиісті балл санын жинауы тиіс, осы балдардың косындысы қортынды баға. (Соманың рейтингі).

Оқу жылының қортындысы бойынша орташа балл жинамаған студент келесі курсқа көшірілмей, қайта оқыған курсына қалып оқуды жалғастырады, яғни екінші оқу жылына қайта қалады. Мемелекттік гранпен оқитын студент екінші оқу жылына қайта қалған жағдайда мемлекеттік білім беру грантынан айрылады.

Студенттердің білім деңгейін анықтау мақсатында, аралақ бақылау жүйесі құрастырылды.  Студенттің рейтингісін анықтау үшін ПМПИ-да 100 балдық шәкіл қолданылады.

Ағымдағы бақылау студенттің жүйелі жұмысын арттыру үшін жасалған.  Студенттің ағымдағы ретингісі баллдардан құралады, төмендегі жасалынған жұмыстары үшін:

сабақтарда толық жауап беріп,белсенді қатысу;

 лабораториялық жұмыстарға қатысу және уақытымен орындау;

үй тапсырмаларын орындау;

лекцияларда сапалы конспек жүргізу ;

оқу сабақтарына қатысу.

Аралық бақылау кезінде студенттің дәстүрлі емес жұмыс түрлері есепке алынады. Мысалы: дөңгелек стол, іскер ойындар, талас әңгімелер, дебаттар, шағын конференциялар т.б.

Ағымдық бақылау оқытушы мен студенттің күнделікті ортақ жұмыстарын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Оқытушы студентке кездескен қиындықтарға бағыт-бағдар беріп отырады, аралық бақылау практикалық және лабораториялық жұмыстарды жүргізетін оқытушымен бағаланады.

Аралық бақылау дәріс оқитын оқытушымен жасалады. Аралық бақылау студенттің келесі жұмыстарын есепке алудан жинастырылады: сдачи коллоквиумов;

топпен және жеке дара кеңес беру;

 жазбаша жұмыс жүргізу;

өзіндік жұмыс;

ғылыми-зертттеу жұмыстарын қатысу;

защиту курсовых работ;

тест жұмыстарын орындау.

Оқу курсы аяқталғаннан кейін қорытынды емтихан түрінде өткізіледі.

Бақылаудың барлық түрлері, сонымен қатар қорытынды бақылау түрі де дәстүрлі (ауызша) және инновациялық (тестілеу, дискуссия, кездесулер) т.б. түрде өтуі мүмкін.

Студенттердің алған балдары студенттің бағдарламалық материалды меңгеруіне байланысты есептеледі:

Әріптік баға

Балл    

% құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша

А

4,0

100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағат

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағатсыз

       

ПМПИ ғылыми кеңесі курстан курсқа көшірілетін ұпай санын (GPA) 1,0 деп бекітеді.

Ұпай саны GPA студенттің таңдаған бағдарламасының жылдық орташа бағасынан есептеледі.

GPA-ді есептеу келесі жолмен есептеледі: GPA=(кредит 1х балл1)+(кредит 2 х балл 2)+…+(кредит п х балл п)  кредит 1 + кредит 2 +…+ кредит п

Студенттің мемлекеттік қорытынды аттестациясы түлектің кәсіби қасиеттерін анықтауға бағытталады.

Қорытынды аттестацияның нәтижесіне қарап түлек білім алғаны туралы диплом және барлық кезеңдегі бағалары көрсетілген 3 тілдегі транскрипт алады. 

Тіркеуші транскриптке бағалардың дұрыс енгізілуіне жауап береді.  Транскрипт түлектің болашақта жүмысқа түсуі немесе ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін түлектің дайындық сапасын көрсететін бірден бір құжат болып табылады..

Қорытынды аттестаттау мамандықтың академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде өткізіледі. Білім алушы мемлекеттік емтихан тапсырып, диплом жұмысын жазып, қорғайды. Студент дипломдық жұмысты жазу ережесімен танысуға, эдвайзерден жазатын тақырыбына, жұмысына қатысты кеңес, бағыт-бағдар алуға құқылы.          

5. КОМПЬЮТЕР ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ:

           

            ПМПИ барлық студенттері комьютерлік сыныптарды кез келген уақытта тегін қолдана алады.

            Студенттер институттың барлық комьютерлік ресурстарын қолдана алады.

            Компьютерлік сыныптар сағат 8-19 дейін жұмыс жасайды.

Қолданушы компьютерлік сыныптың ережесін ұстануы тиіс.

Қолданушының аты-жөні (логин) – есімнің бірінші әрпінен басталады, сонан соң тегі көрсетіледі. Қолданушының есімі латын әріптерімен жазылады. Жеке куәлікте көрсетілгендей болуы керек. Мысалы, сіздің есіміңіз Ахметов Серик (Ahmetov Serik), ары қарай: sahmetov болып жазылады. Қолданушының есімі өзгертілмейді..

Кілт сөз – түрлі әріптер мен сандардың жиынтығы. Оны тек қолданушы ғана білуі тиіс. Қолданушы онай емес кілт сөзді таңдағаны дұрыс. Жүйенің талабы бойынша қолданушы өз кшлт сөзін өзгертуге тиіс.

Комьютерлік сыныптарды қолдану ережесі:

Компьютерді қосқаннан кейін әрбір қолданушы ПМПИ жүйесіне енуі тиіс.

Өз құжаттарын жасаған жағдайда жеке бума құрастырғаны жөн  

Біреудің құжаттарын өшіруге тыйым салынады.

Компьютерге өз еркімен түрлі бағдарламаларды орнатуға, ойын ойнауға болмайды Қосымша құралдарды қолданған жағдайда вирусқа тексеру қажет. Қиындықтар туындаған жағдайда маманға жолығу керек.

Жұмыс аяқталған соң компьютерді өшіру қажет.

Компьютерлік сыныптарда тыныштық сақтау керек.

Компьютерлік ссыныпқа сырт киіммен және азық- түлікпен кіруге қатаң тыйым салынады.

Internet- ті қолдану ережелері:

1. ПМПИ-дің корпоративті жүйесіне ену. Ол үшін терезеге өз логиніңізді енгізу қажет.

Енгізуі перенесін шығару крек.  -Пуск => Завершение сеанса => ОК.

Егер жүйе жаңа кілт сөзді талап етсе, жаңа кілт сөзді енгізу қажет. Пароль кем дегенде 6 түртіндіден тұру керек.

: «Создать учетную запись?» деген сұраққа,  жауап: «Нет»

Internet Explorerді қосу

Жұмыс жасалып болған соң: Пуск => Завершение сеанса => ОК.

6. Кітапхананы қолдану ережелері:

1. Кітапхананы қолданудың жалпы ережелері:

1.1 Барлық оқытушылар мен студеннтер ғылыми кітапхананы колдануға құқылы.

1.2. Қосымша ақылы қолданатын қор тізімі ректормен бекітіледі.

1,3.Оқырмандардың тізімі құжат бойынша тіркеліп бекітіледі (студентттік билет, сынақ кітапшасы).  

1.4 Оқырманға оқушы кітапшасытолтырылады және жеке парақша беріледі. Кітапханаға тіркелер алдында оқырман кітапхана ережелерімен танысып, арнайы парақшаны толтырады.

1.5 Оқырман билеті студенттің жалпы оқу мерзіміне беріледі. Жыл сайын (оқу жылы басталғанша) кітапхана өз оқырмандарын қайта тіркейді, Оның ішінде барлық алған кітаптары жайлы ақпарат беріліп отырады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

1,6. Оқырман билеті кітапхананы қолдануға құқық беретін жалғыз құжат.   Өз оқырман билетін басқа бір адамға беру ережені бұзушылық болып есептеледі.

1.7  АЖТ, мекен-жайы, телефон номері өзгерген жағдайда оқырман 10 күн ішінде кітапханаға хабарласуы тиіс.

1.8 Оқудан шыққан жағдайда оқырман билеті кітапханаға тапсылады және обходной парақ толтырылады.

1.9   Үйге әдебиет алу ісі абонемент бөлінде жүзеге асырылады.  Оқу залдары әдебиетті шығаруға рұқсат бермейді. Энциклопедия, анықтамалар, диссертациялар, сирек әрі құнды кітаптар тек кітапхана оқу залында қолдануға беріледі. Үйге тек соңғы, әрі жалғыз даналы кітаптар берілмейді.

1.10 Кітапты алғанда барлық кемістіктері тексеріліп алынады, кемістік байқалған жағдайда кітапхананшыны ескертеді. Олай болмаған жағдайда кітапты соңғы пайдаланған оқырманға жауапкершілік артылады.

1.11 Кітапты жоғалтқан жағдайда оқырман жоғалған кітаптың құнын толтырады немесе кітапхана тең деген данамен ауыстырады.

2. Абонементті пайдалану ережесі

2.1       Абонементте әдебиет белгілі күн санына беріледі.

Оқу әдебиеті және ғылыми-баспалар пәннің оқытылу мерзіміне сәйкес босатылады;

Аз данадағы кітап 10 күннен артық мерзімге берілмейді;

Ғылыми және арнайы әдебиет 1 айға беріледі (5 данаға дейін);

әдеби кітаптар 15 күнге ғана беріледі 2-3 кітап;

2.2       Әдебиетті қолдану мерзімі қажеттікке байланысты ұзартылуы мүмкін;

 Жеткіліксіз әдебиеттер, аз данадағы баспалар кітапханамен әр кез есепке алынып отырады және кітапхананың талабымен кез-келген уақытта қайтарылады; 

2.4 Абонементтен кітапты алған жағдайда оқырман билеті көрсетіліп, арнайы парақша толтырылады;

2.5 Кітап қайтарылған жағдайда кітап тізімнен сызылады, алынған және тапсырылған күні де көрсетіледі.;

 Топқа берілетін әдебиеттер оқытушымен тапсырыс беріліп, толтырылады.

2,6 Сырттай оқу түріндегі студенттер сессия бойына әдебиетпен қамтамасыз етіледі.      

Оқу залын пайдалану ережелері:

Кітапханадан кітап босату бір ғана оқырман билеті арқылы жүзеге асырылады.

Кітапты алу оқырманның әр кітаптың ішіндегі формулярын толтыру арқылы жүзеге асады.

Белгілі бір талаптарға сәйкес кітап саны шектелмейди.

Егер сұраныс өскен жағдайда кітапты босату шектеледі.

 Кітапханаға өз әжебиетімен, баспа құралдарымен кіруге тыйым салынады.

 4,5 Оқу залынан кітапханашының рұқсатынсыз оқулық шығару жазаланады.  

4. Оқырман міндеттері мен құқықтары:

4.1 Оқырман құқылы:

- кітапхана құзырындағы материалдардан толық, анық мәліметтер алуға;

- Электронды каталогты пайдалануға, Интернет жүйесін тб заттарды пайдалануға;

 - сапалы әрі мәдениетті қызмет алуға;

- әдебиетті іздестіруде көмек сұрауға;

4.2       Оқырманға рұқсат етілмейді:

Кітапханаға сырт киіммен кіруге;
   -     оқу залына сөмкемен кіруге;

Кітапханада шулауға;

Оқырман билетін басқа адамдарға беруге;

Кітапханадан кітапханашының рұқсатынсыз кітап шығаруға;

Оқулықтарды сызуға, жыртуға, парқтарын бүгуге;  

Картотекадан карточкалады алып тастауға;

Кітап қоймасына кіруге.

4.3       Оқырман міндетті:

әдебиет алуға оқырман билетін ұсынуға,   формулярдағы міндетті жолдарды толтыруға міндетті.

Кітап және басқа да басқа баспа құралдарына ұқыппен қарауға.

Белгіленген уақытта кітапты кітапханаға қайтаруға;

Оқырман билетін күтіп ұстауға.

7. ЖОО-НЫ АЯҚТАУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ

Оқу барысында «А» «А-» «В+» «В» «В-» баға алған және дипломдық жұмысы мен мемлекеттік емтихандарын «А» «А-» деген бағаларға тапсырып, GPA 3,5 болған студент үздік диплом алады..

Дипломға қосымша транскрипт беріледі. Транскриптке барлық өткен пәндері енгізіледі.

8. ҚОРТЫНДЫ

Студенттер, Сіздер дұрыс таңдау жасадыңыз !біздің ЖОО-ны және мамандықты таңдағаныңызға көп рахмет. Біз сіздерге оқу барысында сенімді сері боламыз.

Оқуда жетістік тілейміз, шаттық студенттік өмір Сіздерге!

                                                                       

140002 Павлодар қ, Мир. к. 60

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

9. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының

құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат:

Ректор

филос.ғ.д., профессор Аршабеков Нұрғали Рахымғалиевич

 

Оқу- әдістемелік жұмыс және жаңа технологиялар жөніндегі проректор

б.ғ.д., профессор

Мұқатаева Жанат Мақановна

 

Стратегиялық даму және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

б.ғ.к.,доцент

Исақаев Ербол Маратович

 

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

т.ғ.к., доцент

Іліясова Әсем Сериковна

 

Оқу-әдістемелік бөлім бастығы

Сұлтанова Сәуле Жармұхановна

 

Тіркеу офисінің директоры

PhD докторы

Игнатова Елена Васильевна

 

Педагогика және спорт факультетінің деканы

п.ғ.д., профессор Нұрғалиева Әйгерім Қажмұратовна

 

Тарих және филология факультетінің деканы

ф.ғ.к., доцент

Текжанов Қайрат Хафизұлы

 

Математика және жарастылыстану факультетінің деканы

п,ғ,к., профессор

Алинова Мәнсия Шарапатовна

 

Кітапхана

Аульбаева Әсемгүл Рамазановна

 

ПМПИ білімді ақпараттандыру орталығының директоры

Қапаров Сержан Еғламбекович