Ректорат
НУХҰЛЫ Алтынбек
- Ғылыми атағы:
- профессор
- Ғылыми дәрежесі:
- химия ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлер академиясының академигі
- Лауазымы:
- ПМПИ ректоры
Өмірбаяны
НУХҰЛЫ Алтынбек - химия ғылымдарының докторы, профессор,
Халықаралық инженерлер академиясының академигі
Білімі:
1979-1984 ж. – ҚазМУ-дің химия факультетінде оқу (үздік диплом).
Еңбек жолы:
1984-1996 – лаборант, өтілмен-ізденуші (Ресей, Иваново қаласы), сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазМУ физикалық химия және электрохимия кафедрасының аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры (Алматы қ.).
1996-1997 – ҚР Экономика министрлігі микроэкономикалық саясат бас басқармасы мұнайхимия бөлімінің бас маманы (Алматы қ.).
1997-1999 - «Гомогенді және гетерогенді үрдістер термодинамикасы мен кинетикасы» зертханасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры (Алматы қ.).
1999-2000 – ҚР БжҒМ жоғары білім департаменті мемстандарт пен нормативті құжат базасы бөлімінің бас маманы (Астана қ.).
2000-2001 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды аттестаттау бөлімінің бастығы (Астана қ.).
2001-2003 – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (Павлодар қ.).
2003-2004 – Көпсалалы гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры (Қарағанды қ.).
2004-2007 – Инновациялық Еуразия университетінің ректоры (Павлодар қ.).
2007-2008 – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (Павлодар қ.).
2009-2010 - ҚР БжҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары (Астана қ.).
2010-2012 - Премьер-Министр Кеңсесінің индустриалды-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі (Астана қ.).
2013-2015 - «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлер кадрлық резервінің құрамында (Астана қ.).
2016 ж. мамырдан бастап - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректорының м.а.
Наградалар мен дәрежелер: “Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері” (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2004 ж.) төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2005 ж.), Павлодар облысы Әкімі (2006 ж.) мен Павлодар облысы мәслихатының (2005 ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2007 ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, 2011 ж. «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2006 ж.-дан «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2005 ж.-дан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. 2010 ж. Инженерлік ғылымдардың халықаралық академиясының академигі (Мәскеу қ.), Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының академигі (Алматы қ.), Жаратылыстану ғылымдарының Қазақстан ұлттық академиясының академигі болып сайланды (Астана қ.).
Кадр дайындау: химия ғылымдарының 1 докторы мен 4 кандидатының ғылыми жетекшісі.
Еңбектері:
Жалпы еңбек саны – 300-ден астам, оның ішінде 4 монография, 5 оқулық пен оқу құралдары, 20 патенттер мен өнертапқыштық авторлық куәліктері, 133 мақала, 6 орыс-қазақ терминдер және салалық түсіндірме сөздіктері (оның ішінде орысша-қазақша-ағылшынша химиялық сөздік), 8 әдістемелік талдау және 33 баяндама тезистері, бұдан басқа қоғамдық-саяси және мәдени-ағарту тақырыптарындағы 90-нан астам мақалалар. Атап айтқанда, «Рухнама» топтамасындағы (28 том) «Кереку-Баян кітапханасы» кітабы, «Павлодар облысының энциклопедиясы», «Кереку-Баянның жартасқа салынған суреттері», «Павлодар облысының ғалымдары», «Баянауыл перзенттері» (екі томда), «Павлодар-Ертіс өңірінің танымал әйелдері» және т.б.
Өмірбаяны
Текжанов Қайрат Мұхамедхафизұлы (15.06.1961)
Білімі: Павлодар мемлекеттік педагогика институты, филология факультеті, 1983 ж.
Ғылыми атағы, дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: Мемлекеттік тілдің аймақтық қызметі (Павлодар Ертіс өңірінің мысалында).
Ғылыми жарияланымдар саны: 60-тан аса ғылыми мақалалары жарияланды, оның ішінде 3 мақала Томсон Ройтерс нөлдік импакт-факторы бар журналдарда жарияланды.
Қосымша ақпарат:
Жалпы жұмыс өтілі: 34 жыл, соның ішінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 8 жыл;
Өмірбаяны
Әсем Серікқызы Ілиясова
Білімі: Павлодар мемлекеттік университеті (1995-1999гг.) «Тарих» мамандығы.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (2001-2003 жж.), магистратура
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (2001-2003 жж.), аспирантура
Ғылыми атағы, дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты, ПМПИ доценті
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Деятельность Западно-Сибирского Русского географического общества по изучению Северо-Восточного Казахстана в конце XIX- начале XX вв.»
Ғылыми жарияланымдар саны: 30-дан аса ғылыми мақалалары жарияланды оның ішінде: ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда, халықаралық, республикалық конференциялар мен конгресстер материалдарында, 1 оқу-әдістемелік құрал.
Ғылыми қызығушылықтар саласы: отандық тарих, орыс-қазақ қарым-қатынастары, тарихнама, деректану және тарихи зерттеулер әдістері.
Ағымдағы жобалары: ҚР БҒМ 2012 – 2014 жылдарға арналған гранты «Законодательные акты Российской империи как источник по изучению истории Казахстана»
Байланыс телефоны: 8(7182) 65-16-04
E-mail: