Перейти к содержимому страницы.

«ҚАЗАҚ ТІЛІН КРЕАТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ҮЗДІК ТӘСІЛДЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

21.04.2017

2017 жылдың 20-21 сәуірінде Астана қаласының «Қазақ мемлекеттік заң университеті» акционерлік қоғамында «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты республикалық байқау өтті. Байқау ұйымдастырушылары: «Қазақ мемлекеттік заң университеті» акционерлік қоғамы, «Ustudy» oнлайн тестілеу орталығы және Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Қазақ тілін креативті оқыту орталығы. Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік тілді үйретудің ерекше, қалыптан тыс тәсілдерін БАҚ арқылы көпшілікке насихаттау, мектеп және жоо ұстаздарының арасындағы байланысты арттыру. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – қазақ тілін креативті оқыту бойынша 15-20 минуттан тұратын шағын сабақ үлгісін әзірлеу. Бұл кезең сырттай, онлайн түрінде өтті. Бірінші кезеңде түскен 350-ден аса электронды видео  сабақтарды комиссия іріктеп, екінші кезеңге (эссе) 30 адамды жіберген. Осы байқауға қатысқан қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ахтаева Нағима Қабдрашитқызы І орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Бас жүлденің ақшалай сыйлығын  «Ustudy» oнлайн тестілеу орталығы табыстады. Н.Қ.Ахтаеваны жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

">