Перейти к содержимому страницы.

Серпіндіктірге дін тақырыбы бойынша дәріс оқылды

14.09.2017

«Рухани құндылықтар және діни сана» тақырыбы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттеріне дәріс оқылды.

Жастардың арасында діни сананы қалыптастыратын, оларға дұрыс бағыт бере алатын мамандар: Дін істері комитеті дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және аналитикалық орталығының директоры Айнұр Әбдірасылқызы, Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конференцияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Асанбаева Зайда Өмірбекқызы, «Нұр Мүбарак» университетінің оқытушысы, ғылыми қызметкер Серік Таджыбаев оқу ордасына арнайы келіп, студенттермен пікірталас жүргізді.

Еліміздегі кейбір дәстүрден тыс ағымдар халқымыздың діни дүниетанымы мен бірлігіне қауіп төндіре бастағаны баршаға мәлім. Елімізде ислам дінінің атын жамылып жастардың діни сауатсыздығын өз мүдделеріне пайдаланып, жастарды теріс жолға салып жүрген топтар аз емес. Сондықтан еліміздегі жат діни  ағымдарға қарсы тұратын азаматтық ұстаным мен сыни көзқарас қалыптастыру маңызды. 

Кездесу барысында жалпы еліміздегі діни ахуал жөнінде, салт-дәстүр және жастар тәрбиесі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алып, ойларымен бөлісті. Аталмыш кездесу интерактивті түрде, еркін форматта өткізілді.

 

">