Перейти к содержимому страницы.

Шетелдік ЖОО-ның ғалымдарымен кездесу

30.09.2016

 

2016 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректордың міндетін атқарушы Алтынбек Нухұлы, проректорлар, факультет декандары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері Литва және Түркиядан келген делегаттармен – Витаутас Магнус университетінің ректоры, профессор Юозасом Аугутиспен, жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Саулюс Мицкевичуспен, білім беру ғылымдары кафедрасының педагогикалық бағдарламар жетекшісі Одета Норкутемен және түрік университетінің профессоры Гази Южел Гелешлимен кездесті.

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ПМПИ саясатының басты бағыты -  жаһандық білім беру кеңістігін біріктіру. Сондықтан да халықаралық байланыстарды дамыту, білім беру және ғылыми жобаларды әзірлеу тәрізді қызметтер ЖОО міндетінің басты бағытттарна жатады.

ПМПИ көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынаста және олардың бірі 2014 жылы ынтымақтастық меморандумына қол қойылған Витаутас Магнус университеті. Ынтымақтастық меморандумына қол қойылған сәттен бастап, екі ЖОО арасында академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша белсенді қызметтер атқарылып келе жатыр, яғни Витаутас Магнус университетіне 20 студент жіберілген еді. 2016 жылдың сәуірінде ПМПИ-де оқытушылар мен студенттерге арналған тілдік курстар ұйымдастырылып, 30 оқытушы және 23 студент Витаутас Магнус университетінің сертификаттарын иеленді. ПМПИ биология кафедрасы молекулярлық-генетикалық зерттеу әдістерін жетілдіру саласы бойынша Литвадағы әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынаста.

«Біз, академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу жобаларының және бірлескен білім беру бағдарламаларының дайындығы, қос дипломды білім беру саласында екі ЖОО ынтымақтастығының нығайтылуына баса назар аударамыз», деп атады ПМПИ ректоры м.а. Алтынбек Нухұлы. Ол қонақтарға ЖОО қызметінің презентациясын, даму келешегі туралы айтты, одан кейін бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми қызмет сөз етілді. Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, бірігіп әзірленген ғылыми-зерттеу жобалары, ортақ семинарлар мен конференцияларды өткізу, қашықтықтан оқыту курстары тәрізді мәселелер қарастырылды.       

Жооаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі екі дипломды, яғни ПМПИ мен шетелдік ЖОО дипломын иемденуге мүмкіндік беретін ортақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады. 30 қыркүйекте студенттерге бакалавриат деңгейінде екі жоғары білім алуға мүмкіндік беретін ПМПИ және Витаутас Магнус университеті арасында «Әлеуметтік педагогика» және «Биология» мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламасына қол қойылды.    

«Барынша күш салып, ұтымды және сауатты іске асырылатын оқу ордаларымыздың ынтымақтастық келешегі жарқын деп ойлаймын», - деп атады ВМУ ректоры Юозас Аугутис.

Сондай-ақ, осы жылдың көктемінде ПМПИ Түркиядағы жетекші ЖОО-ның бірі – Гази университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сәуір айында PhD докторы Южель Гелешли «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының екінші курс студенттеріне дәріс оқыды. ЖОО оқытушылары және қала мен облыс мектептерінің мұғалімдеріне «Білім беру қызметіндегі инновациялық технологиялар» ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Кездесуде сөз сөйлей отырып, ол Гази университетінің Павлодар институтымен ынтымақтастық қызметіне қызығушылық танытып отырғанын атады.

Кездесу соңында шетелдік қонақтарды ПМПИ ғылыми кітапханасымен, мұражай кешенімен таныстырып, биоценология және экологиялық зерттеулер орталығының жұмысы, функционалды морфология және гистология, зондтық микроскопия зертханаларының жұмысы туралы айтып берді.  

">