Перейти к содержимому страницы.

Студенттерге халықаралық бағдарламалар туралы айтты

26.10.2016

2016 жылғы 25 қазанда ПМПИ-де халықаралық серіктестік бөлімінде ақпараттық күн өтті. Оқытушылар мен студенттерге жоғары оқу ордасы белсенді жұмыс жүргізіп отырған халықаралық бағдарламалар көрсетілді. Олардың ішінде Fulbright, Erasmus+, DAAD, Mevlana, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы және академиялық ұтқырлық баңдарламалары бар. 

Студенттер бағдарламалардағы халықаралық тәжірибе алмасуларға қызығушылық танытып, шетелдік оқу орындарында магистрлік білім алу мүмкіндігіне қол жеткізуге болатындықтарына қуанды. Аталмыш шараны халықаралық серіктестік бөлімі жаңа оқу жылында алғаш рет өткізіп отыр. Кездесуде сондай-ақ екінші семестерде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға ниет білдірушілерге өтініш қабылданып жатқандығы хабарланды. 

">