Перейти к содержимому страницы.

Студенттердің Уфалейдегі жеңістері

21.04.2017

2017 жылдың 13-18 сәуір күндер аралығында Ресей Федерациясы, Челябинск облысы, Уфалей қаласында «Өмір сүр және есіңде сақта» әлеуметтік маңызды жоба аясында жоғары оқу орындары мен колледж арасында бокстан VIII Бүкілресейлік ашық турнир өтті. Турнирге Қазақстан,Урал, Сібір региондары қатысты. Барлығы 83 қатысушы. ПМПИ атынан спортғимараты кешенінің директоры Рифхат Анатаольевич Авазбакиев бапкерлік еткен педагогика және спорт факультетінің студенті Қуанышбек Құйкенов I орын және филология және тарих факультетінің студенті Әлішер Қабылқаиров III орын жеңіп алды.  Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

">