Перейти к содержимому страницы.

Тілдер күні

01.10.2017

Осы апта институт ішінде жақсы жаңалықтар мен елеулі оқиғаларға толы болды. Солардың бірі филология және факультеті Тілдер күнін кеңінен атап өтті. Мысалы, ағылшын тілі мұғалімдері өз студенттерімен киномаграфияда өзіндік орны бар филімдерін жайлы сөз етсе, орыс тілі мамандары түрлі тақырыпта жазылған  шығармаларды талды.

Ал, қазақ тілі және әдебиет кафедрасы тілдер апталығы аясында өзге ұлттарға арналған «Тіл – достық кепілі» атты интеллектуалды сайыс өткізді.

Сайысқа төрт жұп қатысты. Сайыс барысында қатысушылар білімі мен өнері жағынан әр қырынан көріне білді. Бірі мақал-мәтелдерді жаңылмай айтса, екіншісі қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сахналаудан өнерпаздық шеберліктерін көрсетті.

Сайыс мазмұнында студенттің мемлкеттік тілге деген құрметін еліміздің тәуелсіздігі, елтаным тарихы, қазақ тілінің көркемділігі мен мазмұндылығы жөнінде берілген интеллектуалды тапсырмаларды дұрыс және тапқырлықпен орындауларымен ерекшеленді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз студенттеріміз дипломдармен марапатталды. 

 

">