Перейти к содержимому страницы.

Тәжірибе өтушілерден жаңалық

27.02.2018

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері 2018 жылғы 29 қаңтардан бастап №19 ЖОМ, №24 ЖОМ «Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы»Павлодар қаласы, Қызылорда қаласының №22 ЖОМ, Екібастұз қаласы №25 қазақ әйелдер гимназиясында тәжірибеден өте бастады.

Тәжірибе кезінде студенттер әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі қызметін атқару барысында тәжірибе жинақтауға тырысуда. Өндірістік педагогикалық практиканың бағдарламасында көрсетілен жеке тапсырмаларды орындау барысында білім беру мекемесінің ішкі тәртіпті, еңбек қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік ережесін, техника қауіпсіздігін және өндірістік санитария ережелерін сақтап, барлық берілген жұмысты уақытылы атқарып жатыр.

Бағдарламаға сәйкес мектеп директоры, практика жетекшісі, директор орынбасары, пән мұғалімі және сынып жетекшісі бекітетін оқушылармен жұмыс істеуге арналған жеке оқу-тәрбие жоспары құрастырылады.

">