Перейти к содержимому страницы.

Тазалық – денсаулық кепілі

17.04.2017

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының бір топ жастары сенбілік таңды сергек серпіліспен бастады. Алты ай бойы ақ қар жамылған жер ананың жүрегі жібіп, қара жердің жүзі ашылған кезде, киелі Кереку жерінің келбетін ажарландыру ниетімен 15 сәуір күні қолдарына сыпырғыш күректерін алып сенбілікке шықты. С.Торайғыров көшесін жоғары жақтан бастап күл-қоқыстан тазалау жұмыстарын атқарды. Күзде солып құлаған жапырақтар, адамзат баласының ойлаусыз лақтырған қоқыстары тағысын тағы ластаулардан көшелерге өң кіріп, қаламыздың көркіне көрік қоса түскендей болды. Белсенділігі жоғары жастарымыз жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқара білді.

Елбасімыздың 2050 бағдарламасымен Кереку жеріне серпін болып келген жастар да Павлодар қаласын туған жерлеріндей көріп, шын ықлас-ниеттерімен барынша көмектерін тигізеді.

Тазалық - денсаулық кепілі, денсаулық - байлық кепілі дегендей, әрбір елім деген азамат Отанына деген махаббаты үшін, келешек ғұмыры үшін  елінің тазалығын сақтау қажет. Тіпті кішкентай бір темекінің қалдығын арнайы қоқыс салатын жерлерге тастауды әдетке айналдырса, әркім өзін осылай тәрбиелесе, көшенің келбеті үнемі тазалықта болар еді. Десек де, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Әрбір Қазақстандық азамат өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстап, киел келешек пен жарқын болашаққа нық сенімен жету жолындағы көше келбетінің орны бөлек екенін есте сақтаған жөн. Мәңгілік елдің ұрпақтары тазалық, саулық, байлық негізін ұстанары хақ.

">