Перейти к содержимому страницы.

Астанада білім беру қызметкерлерінің Республикалық педагогикалық кеңесі өтті

23.08.2016

2016 жылғы 17-18 тамызында Астанада «Білімді ел – Мәңгі ел» тақырыбында білім қызметкерлерінің республикалық педагогикалық тамыз отырысы өтті.  Жиынға  әкімдердің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, еліміздің барлық аймақтарынан білім басқармалары басшылары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен үздік педагогтерінен құралған ұзын саны – 1700 адам қатысты. Павлодар облысынан алпысқа жуық білім саласының қызметкерлері барды. Оның ішінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректорының міндетін атқарушы, профессор Алтынбек Нухулы да бар. 

Тәуелсіздік сарайында өткен пленарлық отырысты  ҚР-ның Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ашты. Жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева сөз алып, жиналғандарға сәттілік тіледі. Ол өз баяндамасында мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру, жоғары еңбекақымен қамтамасыз ету, мемлекет пен бизнестің өзара байланысын нығайту, жетім балалардың мәселелерін үнемі назарда ұстау сынды көптеген қоғамдық мәселелермен бөлісті. Сондай-ақ, отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Карпович Божко, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы Жұрынов және тағы басқалар баяндама жасады.

«Педагогтерді дайындаудың ғылыми парадигмасы: оқытуды дамытудың шарттары мен ықпалдары» тақырыбында ПМПИ ректорының міндетін атқарушы, профессор Алтынбек Нухулы  баяндама жасады.

В докладе прозвучало, что с 2015 года на базе педагогических вузов ведется подготовка учителей с учетом обновления содержания и перехода к 12-летнему обучению. Обучение на трех языках представлено в новом формате - в Павлодарском государственном педагогическом институте лекции на английском языке по дисциплинам естественно-математического направления ведут преподаватели, прошедшие языковые стажировки в вузах Великобритании и Швеции. Для повышения языковой компетенции профессорско-преподавательского состава вузов министерством будут организованы языковые курсы с выдачей международного сертификата Университета Кембридж.  

Профессор Алтынбек Нухулы баяндамасында 2015 жылдан педагогикалық жоғарғы оқу орындарының базасында  оқытушыларды 12 жылдық білімге көшуге дайындау мен жаңарту жұмыстары жүргізіліп келе жатқандығын айтты. Үш тілде оқыту жаңа форматта жүзеге асырылауда екендігін, яғни, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушылар дәрісті ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық бағытында жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Бұл оқытушылар ғылыми тағылымдаманы Ұлыбритания мен Швеция елдерінің жоғарғы оқу орындарында өткен. ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамының тілдік кешенділігін дамыту үшін арнайы министрлік тарапынан ұйымдастырылған тілдік курстардан өтеді, сол негізде Кембридж университетінің халықаралық сертификатын иеленетін болады. 

 Биылғы жылы педагогикалық мамандықтарға оқуға түсушілер үшін сапалы студенттерді қалыптастыру бағытында арнайы емтихан қабылданды. Сонымен қатар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандық Классификаторын модернизациялау жоспарлануда. Бұл халықаралық ЮНЕСКО-2013 білім классификациялық стандартына сәйкестендіріледі. Стандарт біліктілігі жоғары мамандарды дайындауға зор мүмкіндік береді. Сол негізде Мұғалім моделі қалыптасып, біліктіліктің жаңа талаптарына сай болады.  Аталмыш талаптар бірыңғай педагогтік кәсіби стандартқа сәйкес болары сөзсіз. Бұл бағытта Білім және ғылым министрлігі педагогтің кәсіби стандартты тұжырымдамасын жасады. Тұжырым сапалы дайындықтың арқасында түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуді жақсартуға, ұлттық квалификациялық тест тапсыруға, кәсіби бірлестікті жүргізуге көмек берері сөзсіз. Және де кәсібилікке өту және педагогикалық квалификацияны тиімді беру қағидалары жүзеге асады. Баяндама соңында Алтынбек Нухулы Білім және ғылым министрлігі алға қойып отырған жаңа идея, жаңа бағыт, жаңа талаптың облыстық білім саясатын дамыту жолында мол нәтиже беретініне сенімі зор екендігін жеткізді.

Баяндаманы аудитория асқан қызығушылықпен тыңдап,  ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынұлы Жұрынов маңызды баяндамасы үшін Алтынбек Нухулына ерекше алғыс білдірді.

Тамыз жиыны дәстүрлі түрде кең, әрі ашық алаңда диалогтық тұрғыда өтеді. Білімнің маңызды сауалдарын талқылауға кәсіби мамандар жиналып, қызу талқылады. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі маңызды және қызықты бағдарламаны әзірледі. Панельді сессияның толық сериясы жасалды. Пікір-талас ресми түрде өтпей, іске пайдалы жағына қарай өткізілді. Секциялық отырыстарда білімнің мына бағыттары қаралды: «Жаһандануды шақырудың білімдегі маңыздылығын жаңарту», «Электронды құжаттандыру және сыни бағалаудың жүйесіне ену», «Мектепке дейінгі: бағдарламалардың маңыздылығын жаңарту», «Балалардың құқығын қорғаудың жаңа заңдылық аспектілері», «Өзін-өзі тану» білім мазмұнын жаңарту аспектілері», «ҰБТ-ның жаңа форматы және мектеп аттестаттаудың қорытындысы», «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы кешенділігіндегі балаларға қосымша білім беру»,  «Білікті маман – болашақ кепілі», «Үш тілде оқыту: қазақстандық тәжірибе мен шетелдік үлгі» және тағы басқалар.

">