Перейти к содержимому страницы.

Төлеген Айбергеновтiң туғанына – 80 жыл

20.04.2017

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ… Бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын!
Қыз қуатын жігітке ат беремін!
Жаным деген жүрекке от беремін.
Мен, әйтеуір, бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін?!

Мұны айтқан тарпаң мінезді ақжарма ақын Төлеген Айбергенов еді.

2017 жылы сәуір айының 19-шы жұлдызында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханасында G-global платформасында Pspikonferenz@mail.ru мекенжайы бойынша филология және тарих факультеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл толуына орай «Жырында Төлегеннің үлкен сыр бар» атты online-конференция өтті. Доцент Құралханова Ботагөз Шайкенқызының жетекшілігімен үш тараптың басын қосқан бұл онлайн-конференцияға институтымыздың ҚТӘ-31 тобы студенттері, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

">