Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де жаңа акция – «Құшақтасу күні»

25.10.2016

2016 жылғы 24 қазанда ПМПИ-дің Студенттік үкіметінің белсенділері «Құшақтасу күні» акциясын өткізді. Оқу ордасының кіреберісінде студенттер мен оқытушыларды «Мені құшақта!» деген жазу бар қағаздар қарсы алды. Әрине, кейбіреуле ұялды, енді біреулер біздің белсенділерді құшақтап жатты.

Бәрінен бұрын оқытушылар қуанды. Олар үшін жаңаша еді. Студенттер оларға сәтті жұмыс күнін, көңілді көңіл күй және талпынған студенттері көп болуына тілектестік білдірді.

«Құшақтасу күні» таңертеңнен барлығының көңіл күйін көтеріп, оқуға да жұмысқа да жаңа серпін сыйлады. Естеріңізге салсақ, жақсылықты күнде жасауға болады, тек бұл үшін адамды құшақтасаң да жетеді. 

">