Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ-де Оқу кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

12.01.2017

2017 жылдың 11 қаңтарында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында Оқу кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда институт ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессоры Алтынбек Нухулы жоғарғы оқу орнын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған нақты бағыттары мен жоспарларын баяндады. Сонымен қатар, бұрыңғы жұмыс негізін өзгерту үшін білім беру құрылымындағы өзгерістермен таныстырды.  ПМПИ-дің 2016-2019 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынды. ПМПИ-дің педагогикалық білімін модернизациялауы бойынша жоспары және ПМПИ-дің 55 жылдық мерейтойын атап өтудің шара жоспары айтылды. 

Ректор жоо-ның жаңа құрылымын талқылауға ұсынды. Оқу ордасының сан жылдық тарихында алғаш рет «Ақылдастар алқасы» консультациялық кеңес құрылатын болды. Негізгі орталық құрылымдардың бірі болып қайтадан ақпараттық-сараптамалық орталық ашылады. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс форматтары қаралып, жұмыс отырыстарының циклограммалары енгізілді.

Биылғы жылы ПМПИ «Университеттердің еуразиялық қауымдастығы» (УЕҚ) Халықаралық қауымдастығына және Университеттердің халықаралық қауымдастығына (УХҚ) мүше болу үшін қажыр-қайратпен еңбек ететін болады.

Ректор Алтынбек Нухулының баяндамасында кәсіптік білім беру мен түлектердің жұмысқа орналастыру мәселесіне баса назар аударылды.

 Алтынбек Нухулы алдымызда ПМПИ-дің 55 жылдық мерейтойы тұрғандығын атап өтті. Жыл сайын 19 қыркүйекте аталып өтетін бұл мерекеге қызу дайындықтың басталып кеткендігін жеткізді. Яғни, жоғарғы оқу орнының архитектуралық стилінің өзгеретіндігін, сайттың жаңарғандығын, «Ы.Алтынсарин» энциклопедиясының шығаруға 40 пайыздық жұмыстың жасалғандығын, «Аманат», «ПМПИ тарихы сандар мен фактілерде» атты кітаптар сериясының және «Баянаула перзенттері» атты үш кітаптың, «2004-2017 жылдардағы ПМПИ ғалымдарының еңбектері» библиографиялық көрсеткіштің  аяқталуға жақын екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қызметкерлер мен студенттерді түрлі номинациялармен марапаттау үшін сыйақы қоры құрылмақшы. Белсенді маркетингтік стратегия жүргізіледі. Оқу ордасының Туы мен Елтаңбасын, логотипін өзгерту үшін конкурс жарияланады. Таяуда оқу корпустарының алдында жарық жазбалар пайда болмақшы. Болашақта бас корпустың алдын және студенттік асхананы, студенттерге қызмет көрсету Орталығын (медициналық қызмет көрсету, баспаханалық қызмет және сауықтыру орталықтарына) өзгертуге байланысты жобалар жасалмақшы.  

Бүгінде жоо-ға «Платонус» мобильдік ұсыныс енгізіледі, бұл арқылы студенттер модульдерді: бағалау журналын, академиялық күнтізбені, транскриптіні, оқу жоспарын көре алатын болады. Мұның барлығы ұжымның өмірлік қабілеттері үшін жасалған ұтымды жағдай болып табылады.

«Педагогикалық жоо-ның қабырғасында ұлт пен мемлекеттің болашағы қалыптасады», – деп атап өтті Алтынбек Нухулы. – ПМПИ-дің ұйымдастырушылық-құқықтық формасын және мәртебесін өзгерту басқарушылық, академиялық және қаржылық автономияны түзейді. Біз, барлығымыз осы күнге жетеміз деп үміттенемін және лайықты мақсаттар мен тапсырмаларға басшылық етіп қана қоймай, оқу ордаасының қабырғасынан білікті мамандарды, Мұғалім деген биік атаққа лайықты жандарды қанаттандырып, аймақтардағы жоғарғы оқу орындарының жоғарғы санатында тұрғанда ғана кәсіби жұмысымыздың лайықты еңбекақысына қол жеткізетін боламыз. Бұл үшін «аз сөйлеп, көп жұмыс жаса» деген ұлы сөзге ден қойғанымыз абзал. Ұжымымыздың кез келген мүшесі ең алдымен жоо-ның стратегиялық даму өзінен басталатындығын түсінуі қажет».

Сайып келгенде Алтынбек Нухулы жоғарғы оқу орнының даму Бағдарламасын жүзеге асыруы жолында ұжым белсенділік танытады деген үміт артты.

«Біздің ұжым өзінің зияткерлік қабілетін, кәсіптілігін, өз тәжірибесі мен алдына қойылған тапсырманы жетік орындайтын болады, – деп атады. – Бұл институттың жаңаша даму деңгейін жақсартуға апаратын жол және оның мәртебесін нығайта түседі».

Баяндама ұжымның қызу қолдауына ие болды. Профессор В.К.Омарова сөз алып, оқу ордасына жасалған жаңа Бағдарламаның бірегейлігіне тоқталды. Профессор К.У.Базарбеков Бағдарламаның заманауилық ұсыныстарын атап өтіп, барлық ұжымды оны жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Бағдарламаны қолдау мақсатында профессор К.Ф:Зағыппаров сөз сөйледі, ол да өз кезегінде ұжымды алға қойған тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындауға күш салу керектігін жеткізді.  

">