Перейти к содержимому страницы.

В ПГПУ поздравили призеров X республиканской предметной олимпиады, занявших первое личное и командное места

10.04.2018

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде Студенттік ғылым күндері шеңберінде «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының» «Отан» студенттік ғылыми үйірмесінің есеп беру отырысы өтті.

Іс-шарада Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да Х республикалық пәндік олимпиададан жеке бірінші және командалық орын алған жеңімпаздарды қарсы алу салтанаты өтті. Жеңімпаздар шеберлік сабақтар өткізіп, алған тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарға жауап беріп, алғыс хаттармен марапатталды.

Үйірменің жұмысы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында дайындалған ғылыми мәселелер жөніндегі баяндамалармен және презентациялармен жалғасты.

">