Перейти к содержимому страницы.

ПМПИ еріктілері Мичурин балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді

25.10.2016

2016 жылғы 21 қазанда ПМПИ-дің әлеуметтік-еріктілік орталығы тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқармамен бірлесіп Мичурин балалар үйіне барып қайтты.

«Ризашылық» қайырымдылық акциясының қызықты өткені соншалық, балалар мен еріктілер бір-бірлерімен қимай қоштасты. Еріктілер оларға көңілді бағдарлама әзірлеп, би биледі, ән айтты, ойындар ойнатып, сауалдар жолдады. Достық атмосфера  мен балалардың ыстық жанарларынан өздеріне қойылған сұрақтарға толыққанды жауап бергендеріне риза болып тұрғандықтары байқалды. Қазір біздің белсенділер Песчан мен Қашырдағы балалар үйлеріне баруға дайындалуда.

.

">