Перейти к содержимому страницы.

Оқытушы үшін сырттайғы мектеп

Құрметті әріптестер!

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының инновациялық білім беру орталығы «Мұғалімдерге арналған сырттай мектеп» жұмысын ұйымдастырады және Сіздерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби ұстанымдарын өзгерту үшін едәуір қолайлы жағдайлар жасау-педагог кадрларының тұлғаның пәндік-әдістемелік дамуынан жалпы мәдени және кәсіби дамуына қайта бағдарлануы.    
Міндеттер:
- Мектептердің педагог ұжымдарына педагогикалық шеберлігін, кәсіби білімдерін, дағдыларын дамытуда көмек көрсету, кәсiби құзыреттiлiктерін арттыруды қамтамасыз ету;
- 12 жылдық (бейіндік) білім беру, инклюзивті, электронды, қосымша және көптілді білім беру жүйесі жағдайларында жұмыс істеу дайындығын қалыптастыру;
- мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын жазу бойынша мұғалімдерге кеңес беру;
- шағын комплектілі мектеп, 12 жылдық, көптілді, инклюзивтік, ақпараттық білім беру және т.б. бағыттар бойынша ПМПИ-дің ғылыми кітапханасына әдебиеттердің библиографиялық тізімдерін ұсыну;
- «Мектеп оқушыларын азаматтық-патриоттық тәрбиелеудің теориясы және практикасы» интернет — конференциясын, 12 жылдық білім беру мәселелері бойынша интернет — педагогикалық кеңесті ұйымдастыру.Источник: http://ppi.kz/