Перейти к содержимому страницы.

Әдеби кеш

02.02.2017

Ағымдағы жылдың С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық біріктірген әмбебап ғылыми кітапханада «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ бірлескен оқушылар, ЖОО студенттері және жас мамандар арасында «Үлкен, кіші, кәріміз – кітап оқиық бәріміз!» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке келген қонақтардың саны аз болмады. Оқушылар, студенттер сондай-ақ жас мамандар арасында керемет байланыс орнап, өз білген-түйгендерімен бөлісе отырды. Келген оқырмандар көзінен оқуға, білімге, білуге деген құштарлықтары көрініп, кітап оқуға қызығушылықтары оянды десек артық болмас. Шараның негізгі мақсаты да – жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын насихаттап, жастарды кітап оқуға шақыру болатын. Осындай игі шаралардың арқасында жастардың кітап оқуға деген ынтасы оянып, көкжиектері кеңейіп қалатыны көңіл қуантады.

">