Перейти к содержимому страницы.

Мұғалімдерге арналған сырттай оқу мектебі

Құрметті әріптестер!

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты инновациялық білім беру орталығы «Мұғалімдерге арналған сырттай оқу мектебі» жұмысын ұйымдастырып, Сіздерді серіктестікке шақырады.

Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби дағдыларын қайта құрылымдау үшін қолайлы жағдай жасау, яғни педагогикалық кадрларды пәндік-әдістемеліктен тұлғаның жалпы мәдени және кәсіби дамуына қайта бағыттау.

Міндеттері:

- педагогикалық шеберлікті, кәсіби білім, дағды, кәсіптік құзыреттіліктің өсу мансабын қамтамасыз ететін мектептің педагогикалық ұжымдарына көмек көрсету;

- 12 жылдық (бейіндік), инклюзивті, электронды, қосымша және көптілді білім беру жағдайына жұмыс дайындығын қалыптастыру;

- оқушылардың ғылыми жобасы жөнінде мектеп мұғалімдеріне кеңес беру жұмыстарын жүргізу;

- ПМПИ ҒК келесі бағыттарда әдебиеттердің бибилиографиялық тізімін дайындау қажет: шағын комплектілі мектеп, 12 жылдық білім беру, көптілділік, инклюзивті білім беру, ақпараттық білім беру және т.б.

- «Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесі» интернет-конференциясын ұйымдастыру, 12 жылдық білім беру мәселесі жөнінде интернет педкеңесін өткізу.